7
көкөністер жинау және басқалары) туады. Осы тектес білімдерге
халық даналығын жинақтаған мақалдар мен мәтелдерді, салттар мен
дәстүрлерді жатқызуға болады. Бұл білімдер ертедегі адамдардың
өмірлік бағыт-бағдарларына айналған. Олар: ағашты қалай отырғызу
керек, үйді қалай салуға болады, тамақ қалай әзірленеді, қойды қалай
бағу керек, қайтіп гүл өсіруге болады деген сияқты тәжірибелерге
үйрету, баулу арқылы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырған. Алай-
да оларды да ғылыми білімдерге жатқызу жөн бола қоймас. Ол
білімдер адамдарға қажет болған заттар мен құбылыстарға сансыз
көп тәжірибелер жасау, адамдардың мыңжылдықтар бойы әртүрлі
жағдайларға бейімделуі нәтижесінде жинақталған.
Әртүрлі қиял-ғажайыптардың (мифтер), аңыздардың көркемделіп
берілуі (шығармашылығы) арқылы алғашқы ата-бабаларымыз біздерге
өздерінің бар өмірлік тәжірибесі, қиялдары мен еліктеуі, армандары
жинақталған дүниетанымын, өзара және қоршаған ортамен қарым-
қатынастарын жеткізді. Ал соларда белгілі бір білім бар ма? Сөз
жоқ, бар! Тұрмыс-тіршілік мағынасындағы мәселелерді шешу үшін,
біз оларға қайта-қайта жүгініп отырамыз, олардан шабыт алып, ата-
бабаларымыздың даналығына сүйсінеміз.
Сонымен қатар кез келген дін бұл өмірде адамның қалай өмір сүруі
керек дегенге қатысты белгілі бір білімдерден тұрады. Ғасырлар бойы
адамдар өздерінің өмірлік бағдарламаларын іргелі діни ұстанымдардан
тапқан жоқ па еді? Ал бүгінгі таңда, біздің «білім мен ғылым жоғары
дамыған ғасырымызға» қарамастан, жүз миллиондаған адам өзінің
болмыс-тіршілігінің мағынасын түсіну үшін дінге жүгініп жатқаны
рас емес пе? Алайда діни білімдердің ғылыми білімдер еместігі де ай-
дай анық.
Достарыңызбен бөлісу: