ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


даярланған  адамдардың  шынайы  өмірдің  әртүрлі  қырларын  та-



Pdf көрінісі
бет8/440
Дата07.01.2022
өлшемі2,22 Mb.
#17066
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   440
даярланған  адамдардың  шынайы  өмірдің  әртүрлі  қырларын  та-

нып  білуге  бағытталған  ерекше  рухани  қызметі  деген  тұжырым 

жасауға болады.

Ондай қызметті іс жүзіне асыру үшін субъект қажет. Ол субъект – 

шындықты  іздеуге  бағытталған  саналы  мақсатты  қызметке  қабілетті 

адам болмақ. Олар – ғалымдар, инженерлік-техникалық қызметкерлер, 

зертханашылар және ұйымға біріккен басқа да мамандар. Ең жоғарғы 

философиялық рефлексия (түсініктемесі кітап соңында берілген. – Ау-

дармашы)  деңгейінде  бүкіл  адамзат  әлемді  тану  және  түрлендіру 



субъектісі болып табылады.


9

Субъект  бар  жерде  объект  де  бар.  Объект  деп  зерттеушінің  наза-

рын аударатын, оның бойында аталған затты немесе құбылысты танып 

білуге  бағытталған  белсенді  іздестіру  қызметін  тудыратын  нәрсені 

түсіну  керек.  Адамзаттың  тарихи  дамуына  қарай  ғасырдан-ғасырға 

ұласып,  қоршаған  әлем  туралы  аса  терең  білімдердің  жинақталуы 

орын  алды,  ал  ол  ғылыми  таным  нысандарын  кеңейте  түсуге 

жеткізді.  Мысалы,  XIX  ғасырдың  соңы  –  XX  ғасырдың  басында  жай 

ғана  кішкентай  бөлшектердің  адам  көзіне  көрінбейтін  әлемі  зерт-

теу  нысанына  айналды.  Олай  болса,  ғылым  нысандарының  әрбір 

адамның  күнделікті  өмірінде  кездесетін  сан  мыңдаған  заттар  мен 

құбылыстардан айырмашылығы неде екені туралы заңды сұрақ туа-

ды. Жауап ретінде төмендегіні айтуға болады: күн сайын адам жанаса-

тын және пайдаланатын сол мыңдаған заттарды бәрінен бұрын біздің 

сезім  органдарымыз  қабылдайды.  Э.Гуссерльдің  сөзімен  айтқанда, 

бұл  –  біздің  өмірлік  әлеміміз.  Ғылым  нысандарын  біз  тек  сезімдік 

деңгейде қабылдамаймыз, сонымен қатар олардың ішкі мәніне үңілуге, 

олардың  жұмыс  істеу  немесе  өмір  сүру  заңдылықтарын  айқындауға, 

өзара  байланыстарын  және  басқа  заттар  мен  қоршаған  дүниенің 

құбылыстарымен  өзара  әрекеттесуін  анықтауға  ұмтыламыз.  Ол  үшін 

ғалымдар бізді қоршаған нақты шындықтағы «таза күйінде» болмай-

тын түсініктерді ойлап табады және оларды ғылыми танымда пайдала-

нады. «Таза (мүлтіксіз) газ», «шынайы қара дене» деген ұғымдар осы 

тектес түсініктерге жатады.

Ғылым  нысанының  ішкі  мәнін  ашып  көрсету  мақсатында  оған 

тереңдеп  ену  мүмкіндігіне  қарай,  оның  жаңа  жақтары  мен  қырлары 

көріне  бастайды,  ал  ол  мағлұматтың  кеңеюіне,  демек,  зерттеудің 

қиындауына  жеткізеді.  Нәтижесінде,  толық  ауқымда  зерттеу  үшін, 

адамдардың  үлкен  ғылыми  ұжымдары,  қауымдастықтары  қажет. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет