Арабтілді перепатетизм – Аристотель мен неоплатонизм ілімдеріне негізделген
87
да мүлтіксіздігі себепті Алғашқы мән өз-өзіне сыймай, кемерінен
асып төгіледі, соның нәтижесінде басқа дүниелер пайда болады. Басқа
дүниелерді тудыра отырып, Алғашқы мәннің өзі жоғалып кетпейді, Ол
мәңгі өмір сүреді.
Егер ол жоғалып кеткен болса, онда Ол жоғарғы билігін жоғалтар
еді де, Өзінің ар жағында одан да мүлтіксіздірек, жетілген әлдене бар
екенін көрсетер еді.
Алғашқы мәннің эманациясы барысында алдымен материалдық
емес аспан әлемдері, содан кейін барып Сатурн, Юпитер әлемі пай-
да болады. Бұл жерде біз ойшылдың схоластикалық ойларының
үлгілерін көреміз. Ақыр соңында, бұл эманация біздің Ай астындағы
әлеміміздің құрылуымен аяқталады. Оның айырмашылығы – бұл
көптік әлемі. Оның негізінде жер, су, ауа мен от жатыр. Ал өмірге кел-
сек, Әл-Фараби оны: өсімдіктер, жан-жануарлар және ақылды жан-
жануарлар, яғни адамдар деп бөледі.
Достарыңызбен бөлісу: