2.5. әл-Фараби философиясы
Әл-Киндидің философиялық идеяларының ары қарай дамуын
Әл-Фараби шығармашылығынан көреміз. Аристотельдің еңбектерін
аударғаны және оларға түсініктемелер бергені үшін, ол – әлемдік фи-
лософияда «Екінші ұстаз» атанған адам.
әл-Фарабидің толық аты – Әбу Нәсір Мұхаммед Ибн-Тархан Ибн-
Узлак ат Түрік (870-950 жж.). Ол Қазақстанда, Отырар қаласында (Фа-
раби) дүниеге келген. Ересек тарта бастағанда, білім іздеген ол керу-
енге ілесіп Таяу Шығысқа келіп, Бағдад және Алеппо қалаларында
білім алады: араб және басқа тілдерді үйреніп, антика философиясына
өз бетінше зерттеу жүргізеді. Біз оның өзіміздің ғұлама ойшылымыз
болғанын мақтан етеміз. Бірақ белгілі бір дәрежеде ол араб ойшылы
да болады, өйткені араб мәдениетінің ғаламат ықпалын сезінген және
өз еңбектерін осы тілде тудырған. Сол себепті оны бәрінен бұрын
«Шығыс философиясының жұлдызы» немесе «Жер планетасының ұлы
ойшылдарының бірі» деп бағалағанымыз дұрыс болмақ.
Әл-Фарабидің сақталып, бізге жеткен еңбектерінен оның ғылым
мен философиядағы айқын ұстанымын көреміз. Шығармаларының
құрылымы, мәселелерінің тақырыптары мен қойылуы оны бізге
арабтілді перепатетизмнің
1
негізін салушы ретінде танытады.
Оның негізгі еңбектері ретінде «ізгі қала тұрғындарының
Достарыңызбен бөлісу: |