ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет140/440
Дата07.01.2022
өлшемі2,22 Mb.
#17066
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   440
сәулелерімен жерді жылытады. Күнделікті сезімдік таным халықтың 

өмірін,  адамдардың  бір-бірлерімен  қарым-қатынастарын  белгілейді. 

Рационалистік  жолмен  алынған  білім  де  әр  кездері  тәжірибелік 

тексеруді қажет етеді.

Танымның  тағы  бір  үшінші  түрі  бар  –  ол  ақыл-парасат  түйсігі 

немесе  сезімдік  те,  рационалистік  те  танымға  жүгінбей,  шындыққа 

тікелей  жету.  Ол  Әлемнің  тұтастығына  жету  мүмкіндігін  береді.  Та-

ным  туралы  ілімнің  тағы  бір  ерекшелігі  –  гносеологиялық  және 

онтологиялық ілімдердің бірлігі, өйткені түпнегіздің ойлау қасиеті бар.

Спинозаның  антропологиясы  да  өзгеше.  Ол  адамды  Табиғаттың 

бөлінбес  бөлшегі  санайды.  Ал  осыдан  Табиғаттың  қасиеті  –  ойлау  – 

адам бойында барынша дамыған түрінде көрінеді. Ал сол уақытта адам 

дене  ретінде  Табиғатқа  түбегейлі  тәуелді  және  қоршаған  дүниемен 

есепсіз  байланыстарға  және  өзара  әрекеттерге  түседі.  Оның  үстіне, 

бірінші кезекте ол өз-өзін сақтауға ұмтылады. Ал бұл оның бойында 

әртүрлі  сезімдер  мен  құштарлықтарды  оятады.  Платон  мен  Сократқа 

ұқсап, Б.Спиноза да адамның дұрыс емес әрекеттерінің себебін жалған 

танымнан  шығарады.  Егер  адам  айналасында  қалыптасқан  жағдайды 

дұрыс түсінсе, ол өзінің іс-әрекеттерінде қателеспейді және кейбіреулер 

бақытсыздық деп бағаласа да, ол өзін бақытты сезінеді.

«Әдетте,  адамдар  өз  еріктерін  азат  деп  ойлайды  және  әрекеттерін 

мүлдем  еркін  іске  асырып  жатқандарына  сенімді,  –  деп  жазады 

В.В.Соколов. – Әйткенмен ерік бостандығы – ол қиял, яғни көпшілік 

адамдардың  өз  әрекеттерін  соларға  ықпал  ететін  себептерге  терең 




137

мән  бермей  жасағанының  нәтижесі.  Ақыл-парасат  түйсігі  арқылы 

келетін  білім  жолында  барлық  себептердің  жалғыз  түпнегізбен 

әлемдік  байланысын  ұғынуға  қабілетті,  ақылы  толысқан  азшылық 

қана  өзінің  барлық  әрекеттерінің  қажеттігін  түсінеді,  ал  бұл  ондай 

данагөйлерге  олардың  аффект-құштарлықтарын  аффект-әрекеттерге 

айналдыруға,  сол  арқылы  шынайы  бостандыққа  жетуге  мүмкіндік 

береді»  (В.В.Соколов.  Спиноза.  /  Жаңа  философиялық  энциклопедия, 

3-том.  –  М.:  Мысль,  2001.  –  622-бет).  Спиноза  бостандықты  дәл  осы-

лай түсінді. Оның: «бостандық – санамен түйсінген қажеттілік», – 

деген  танымал  формуласы  осыдан  шыққан.  Адам  үшін  жоғарғы 

игілік  –  Құдайды  тану  арқылы  Оған  деген  парасатты  сүйіспен-





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет