ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет170/440
Дата07.01.2022
өлшемі2,22 Mb.
#17066
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   440
бірінші.  Әлеуметтік-философиялық  ой  тарихында  Руссо  қашанда 

Вольтермен  қатар  қойылады.  Бірақ  олардың  қарым-қатынастары 

әрдайым  риясыз,  ашық  бола  қойған  жоқ.  Керісінше,  пікірлерінің 

қарама-қайшылығы  қашанда  орын  алатын.  Ал  олардың  бір-бірінен 

толық  қол  үзуі:  Руссоның  «Адамдар  арасындағы  теңсіздіктің  пайда 

болуы және негіздері туралы ойлар» (1755) деп аталатын іс жүзіндегі 

басты  трактатын  Вольтердің  қабылдамағаны  былай  тұрсын,  ол  жа-

йында,  әсіресе  Табиғатқа  оралу  жөнінде  және  «табиғи  жай-күйдің», 

яғни  үйлер  де  жоқ,  баспаналар  да  жоқ,  қандай  да  бір  меншік  те  жоқ 

жағдайдың  артықшылығы  туралы  ойларын  өткір  сынға  алып  және 

теріс баға бергенінен кейін болды.

Руссодан трактаттың бір данасын алған соң, Вольтер оған француз 

тілінде сыпайы түрде, бірақ жеткілікті дәрежеде қатқыл сөздермен хат 

жолдады, онда: «Мен Сіздің адам тегіне қарсы жаңа кітабыңызды ал-

дым және соған ризамын. Осындай қабілеттерді біздің барлығымызды 

ақымақ  етіп  көрсету  үшін  пайдалану  жағдайы  бұрын-соңды  болмап 

еді. Сіздің кітабыңызды оқыған әрбір адам еңбектеп жүруге тырысатын 

болды. Бірақ ондай әдетімнен алпыс жыл бұрын арылғандықтан, мен, 

«бақытсыздыққа  қарай»,  ол  әдетіме  қайтадан  орала  алмайтынымды 

сеземін.  Канданың  жабайыларын  іздеуге  де  шыға  алмаймын,  өйткені 

бойымдағы ауруларыма қарап, еуропалық хирургтің қызметіне жүгіну 

қажеттігін сеземін, себебі ол жерлерде соғыс жүріп жатыр және біздің 

үлгіміз ол жабайыларды біздің өздеріміз сияқты жаман етеді...» – деп 

жазды.


Вольтердің аталған шығарманы осылай бағалағаны әділетті болды 

деуге болмайды. Алайда Руссоның өзі де «табиғи жай-күйді» адамдар 




167

арасындағы  қарым-қатынастардың  мұраты  деп  санай  отырып,  оған 

оралудың мүмкін еместігін жақсы түсінген. Сол 1775 жылы Энцикло-

педия  үшін  жазған  «Саяси  экономия  туралы»  атты  мақаласында  ол 

мейлінше  айқын  және  кесімді  түрде:  «Меншік  құқы  –  азаматтардың 

құқықтарының ішіндегі ең қасиеттісі және еркіндікке қарағанда, тіпті 

кей жағдайларда аса маңыздысы да болып табылады», – деп мәлімдеді.

Ж.Ж.Руссо  жеке  меншіктің  пайда  болуының  экономикалық 

себептерін  табуға  тырысты.  Ол  себептерді  Руссо  ең  күшті  адамның 

басқалардай емес, өзінің табанды еңбегі арқылы көп өндіретінінен көрді. 

Ең  бір  епті  және  тапқыр  адам,  басқалармен  салыстырғанда,  көбірек 

пайда  табады.  Жер  өңдеуді  жақсарту  азық-түліктің  молшылығын  ту-

дырады,  байлық  пайда  болады.  Нәтижесінде,  жаңа  кәсіптер  шығады. 

Шын  мәнінде,  қоғамның  өндіргіш  күштерін  ары  қарай  дамытуға 

жеткізген темірді игеру – адамзаттың тарихында тағдыр шешуші рөл 

атқарды. Пайда болған байлық азшылықтың қолында шоғырлана бас-

тады,  ал  қалғандары  кедейшіліктен  көз  ашпады.  Шешуші  сәт  туды: 

адамзат өзінің өмір сүруінің табиғи кезеңінен өркениетке өтуді баста-

ды. Жеке меншікті тиімді қорғау мақсатында мемлекет пайда болды.

Адамдарға  олардың  тарих  қойнауында  жоғалтқан  бостандығын 

қалай  қайтаруға  болады?  Бұл  сұраққа  Ж.Ж.Руссо  «қоғамдық  келісім 

теориясы»  арқылы  жауап  беруге  тырысады.  Оның  мәні:  әркім  өзінің 

барлық құқықтарын ерікті түрде қоғамға береді. Ол кезде барлығы да 

заң  алдында  тең  құқылы  болып,  өз  құқықтарын  кері  қайтарып  ала-

ды.  Өмір  сүрудің  теңдей  шарттарын  иеленіп,  бір-біріне  тәуелді  бол-

май  және  қоғамның  бөлінбес  бөлшегіне  айнала  отырып,  енді  әркім 

қоғам  талаптарына  бағынады.  Адамдар,  әрине,  өздерінің  дене,  ақыл 

қабілеттері бойынша бір-бірлеріне тең немесе бірдей емес, бірақ олар 

моральдық және құқықтық теңдік алған.

Ж.Ж.Руссо  халықты  заңдардың  шынайы  бастауы  деп  санайды. 

Егер  қоғамда  адамдардың  мүдделерін  есепке  алмайтын  заңдар  пай-

да  болса,  онда  бұл  заң  емес,  бұйрық  саналады.  Халық  билігін  халық 

құрылтайы қамтамасыз етеді. Ол заң белгілеген уақытта шақырылады 

және «қоғамдық келісімнің» орындалуын қатаң қадағалайды, өйткені 

заң бұзушылық қашанда орын алады. Оның мәні төмендегілерге келіп 

тіреледі:

а) әрбір үкімет әрдайым өзін нығайтуға ұмтылады;

ә) азаматтардың бір бөліктерінің ізгіліктен ауытқуы мүмкін;

б) жеке мүдденің қоғамдық мүдде шектерінен шығып кетуге әрекет 

етуі мүмкін;




168

в) бұл жағдайда қоғамдық мүддені алдау жолымен өзгерту қаупі ту-

ады.

Қоғамдық келісімді сақтаудың негізгі жолдарының бірі – халықты 



ағарту, оның бостандыққа деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу.

екінші.  Бірқатар  философтар,  мысалы,  Бертран  Рассел  Руссоны, 

сондай-ақ  Фихте  мен  Ницшені  нацизм  мен  фашизмнің  идеологиялық 

жол  салушылары  деп  санайды,  өйткені  алдыңғысы  да,  соңғылары  да 

еркіндікті, әсіресе билікке деген еркіндікті жақтайды. Бұл жерде мы-

сал ретінде Руссоның «Қоғамдық келісім туралы немесе саяси құқық 

қағидалары»  (1762)  деген  жұмысына,  оның  ішінде  осы  шығармада 

жазылған  жалпы  еркіндік  тұжырымдамасына,  әсіресе  қашанда 

«жалпыға ортақ еркіндік» бар дейтін жоғарғы биліктің еркі туралы те-

зиске сілтеме жасалады.

Рассел:  «Қоғамдық  келісім»  Француз  революциясының  көпшілік 

көсемдерінің  Библиясына  айналды,  бірақ,  сөз  жоқ,  Библия  сияқты, 

ол  да  мұқият  оқылмады  және  ізбасарларының  көпшілігі  оны  дұрыс 

түсінбеді.  Демократия  теоретиктерінің  ішінде  Руссо  метафизикалық 

жалпылауға  дағдылануды  енгізеді,  соның  жалпыға  ортақ  еркіндік 

туралы  доктринасы  арқылы  көсемнің  оның  халқымен  мистикалық 

сәйкестігі  мүмкін  болады,  ал  өзін  растау  үшін,  ол  сайлау  жәшігі 

сияқты  соншалықты  қарапайым  құралға  мұқтаж  емес.  Пруссия  арис-

тократиясын  қорғаған  кезде,  Гегель  Руссо  философиясынан  көп 

нәрсені пайдасына жарата алар еді (Гегель жалпыға ортақ еркіндік пен 

барлығының еркі арасындағы айырмашылықты ерекше мақтайды. Ол: 

«Руссо  осы  айырмашылықты  әрдайым  ескергенде,  мемлекет  теория-

сына  айтарлықтай  үлес  қосқан  болар  еді»,  –  дейді).  Бұл  тәжірибенің 

жемістері  Робеспьердің  билігі  тұсында,  Ресей  мен  Германиядағы 

(әсіресе  осы  соңғысындағы)  диктатура  кезінде  сығылып,  орыстық 

ілімнің нәтижесіне айналды. Бұл елеске болашақ тағы қандай жеңістер 

алып берер екен, ол туралы болжам айтуға дәтім бармайды», – деп жаз-

ды (Рассел Б. История западной философии. – 646-бет). Алайда, біздің 

ойымызша, Рассел мен оның жақтастарының айтқандарының барлығын 

дұрыс  деуге  болмайды.  XVII-XVIII  ғасырлардың  табиғи  келісімінің 

басқа тұжырымдамаларынан айырмашылығы – Руссо оның мақсатын 

диктатура  емес,  азаматтық  қоғам  құрудан  көрді.  Бұл  билеушінің 

құзырындағылармен  және  жоғары  тұрған  тұлғаның  төмендегілермен 

келісім-шарты емес, ол – бір-бірлерімен тең адамдардың немесе тұтас 

қоғамның оның әрбір мүшесімен, яғни, ойшылдың пікірінше, олардың 




169

барлығы  «өздеріне  бірдей  шарттармен  міндеттемелер  алатын  және 

барлығы тең құқықтар иеленетін» кездегі келісім-шарт.

Руссоның  шығармашылығында  адам  мәселесі  елеулі  орын  алады. 

Оның ойынша, адамның туа біткен екі қасиеті бар: алғашқысы – оның 

өз-өзін сақтауға және ең жақсы өмірге деген жойылмайтын ұмтылысы, 

екіншісі – өзге біреудің күйзелістері мен өлімін көргенде, оның бойын-

да пайда болатын табиғи аяушылық пен өкініш сезімі. 

Табиғаты  бойынша  адам  ізгілікке  ұмтылады.  Егер  өзімшілдігін 

жеңе  отырып  ізгілікті  істер  істесе,  бұл  қасиеттер  терең  тамырланып, 

оған  ризашылық  сезімін  сыйлап,  оның  екінші  табиғатына  айнала-

ды. Егер адам өзін борышты сезінгеннен жақсылық жасаса, онда бұл 

ізгіліктің  тек  сыртқы  көрінісі  болып  шығады.  Ал  егер  ол  кезде  адам 

табиғи  сүйіспеншілік  сезінсе,  онда  бұл  –  адамдықтың  биік  көрінісі 

болғаны.

Руссо  адам  тәрбиесіне  үлкен  көңіл  бөледі.  Тәрбие  –  адамның 

табиғи  дарындарын  дамыту,  еркіндікті  сүюді  қалыптастыру,  өз 

көзқарастарынан таймауға үйрету.

Бала тәрбиесін Руссо төрт кезеңге бөледі:

–  туғаннан  бастап,  екі  жасқа  дейін.  Бұл  жерде  баланың  дене  

мүшелерінің дамуына басым назар аудару керек;

–  екіден  он  екіге  дейін.  Баланың  сезімдері  мен  жан  дүниесі 

қасиеттерін тәрбиелеуге басымдық беріледі;

–  он екіден он беске дейін. Ақыл-ой қабілеттерін дамыту;

–  он бестен он сегізге дейін. Балаға тұлға ретінде қарап, оның бо-

йына адамгершілік қасиеттерін сіңіру ерекше маңызды, өйткені бұл – 

адамның қалыптасуы барысындағы «бұлқыныс пен жұлқыныс» кезеңі.

Руссо  бала  тәрбиесінде  күш  қолданудан  аулақ  болуға,  балаға 

білдірмей ықпал етуге кеңес береді. Әсіресе оның еркіндік сезімін жа-

ралап  алмай,  еңбекті  сүюге  баулу  керек.  Бала  жақсылыққа  ұмтылып 

өсуі  үшін,  оны  қайырымды,  ізгілікті  істер  жасауға  үйреткен  абзал. 

Баланың  дене  құрылысының  жетілуі  мен  ақыл-ойының  өсуі  қатар 

жүруге тиіс.

Руссо  идеяларының  философтарға,  саяси  қайраткерлерге, 

әдебиетшілер мен тарихшыларға ықпалы зор болды.

1789  жылғы  революцияда  якобиншілер  Руссоға  табынушылықтың 

жарқын көрінісін паш етті. Оның сүйегінің күлі Пантеонға қойылды. 

Руссоның  азаматтық  қоғамға  көзқарасы  демократиялық  реформалар 

үшін бағдар болды.



170

Француз  ағартушылары  саңлақтарының  ішінен  философ-энци-

клопедист,  жазушы,  әлемдік  мәдениеттің  көрнекті  қайраткері  Дени 

Дидроны  (1713-1784)  бөліп  көрсетпеуге  болмайды.  Оның  қызуқанды 

ұйымдастырушылық қызметі нәтижесінде 35 томдық «Энциклопедия 

немесе ғылымдардың, өнерлердің және кәсіптердің түсіндірме сөздігі» 

жарық көріп, онда ғылымның аса маңызды жетістіктері, саясат, құқық 

саласындағы  жаңа  идеялар  көрініс  тапты.  «Энциклопедия»  француз 

қоғамының ғана емес, сонымен қатар Еуропаның да, тұтастай алғанда, 

Солтүстік Американың да рухани түлеуінде баға жетпес рөл атқарды.

Дидроның шығармашылық өмірбаянында, әдетте, үш мәселе ажы-

ратылып көрсетіледі.

Біріншісі  «Энциклопедияның»  жарық  көруіне  байланысты.  Оны 

адам  айтқысыз  қиын  жағдайларда  жазуға  тура  келді:  тыйым  салу, 

астыртын, құпия жұмыс істеу, материалдың орасан үлкен көлемі үлкен 

қиындықтар  тудырды.  Дидро  барлық  мақалаларды  түгелге  жуық 

түзетіп, дұрыстап жазып шықты және өзі де 1751 жылдан 1780 жылға 

дейінгі кезеңде 1200-ден астам мақала жазды (онікі – орасан зор еңбек, 

басқа біреудің өмірі де жетпес еді). 

Екінші  мәселе  –  ол  «Көзі  көретіндерге  өсиет  ретінде  соқырлар 

туралы  хаттар»  (1749)  деген  еңбегінен  (сол  үшін  бірнеше  ай  Вен-

сен  қамалында  қамауда  да  отырып  шықты)  бастап,  «Физиология 

элементтері» (1875) шығармасында өз көзқарастары мен ұстанымдарын 

анықтап,  баяндап  бергені.  Оның  замандастарының  көпшілігі  Әлемге 

деистік көзқараспен қараса, Д.Дидро дәйекті материалистік ұстанымға 

көшті.

Әлемнің түпнегізі – біреу және ол – материя, ал оның себептері – 



ішінде, сол себепті, оны танып білу үшін, Құдай идеясына жүгінудің 

қажеті  жоқ.  Материяны  ешкім  жаратқан  жоқ  –  ол  өз  заңдылықтары 

негізінде  мәңгі  өмір  сүріп  келеді.  Материяның  өмір  сүру  тәсілі  – 

қозғалыс,  біз  оларды  бір-бірінен  ажырата  алмаймыз.  Бүкіл  әлем 

қозғалыста: бір заттар құрып жатады, олардың орнына екіншілері пай-

да болады. Материя өзіне тән қарама-қайшылықтардан келіп шығатын 

ішкі күштерге толы.

Материяның  «бөлшегі»  ретінде  атомды  емес,  ол  өзі  белсенді 

күш  берген  молекуланы  таңдайды.  «Материя  және  қозғалыс  туралы 

философиялық қағидалар» деп аталатын еңбегінде ол «кез келген мо-

лекуланы әрекеттің: ауырлық немесе тартылыс; ішкі күш әрекеттері..., 

барлық  басқа  молекулалардың  оған  қарсы  әрекеті  дейтін  үш  тегінің 

шоғырлануы деп қарау керек» екенін жазған. Бірақ ол кезде әрекеттің 



171

басты себебі деп ол ішкі күшті санайды. «Дене өз бетінше әрекетсіз» 

дейтін  пікір  –  бұл  қорқынышты  қателік».  Ішкі  күшті  білдіретін 

нәрсе  –  ол  қозғалыс.  Бірақ  бұл  күш  белсенді  де,  енжар  да  болуы 

мүмкін.  Осыдан  келіп  орын  ауыстыру  –  қозғалыс  деп  емес,  нәтиже 

деп  қана  түсіндіріледі.  Бірақ  тартылыс  пен  қозғалысты  ғана  Дидро 

материяға  жатқызып  қоймайды,  оның  ойынша,  дамудың  жеткілікті 

биік дәрежесінде көрінетін, бірте-бірте түйсікке, қабылдауға, зердеге, 

ойлауға айналатын сезімділік те материяға жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет