ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет168/440
Дата07.01.2022
өлшемі2,22 Mb.
#17066
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   440
иесі болып табылады деген қорытындыға келеді.

Қоғамдағы  әртүрлі  қарама-қайшылықтардың  пайда  болуының 

себептерін  ол  адамның  басқалардың  есебінен  өзі  үшін  пайда  алуға 

ұмтылуынан  көреді.  Ал  бұл  адамдардың  өзара  қарым-қатынастарын 

заңдардың  күшімен  реттеу  қажеттігіне  келтіреді.  Екінші  топ  – 

әлеуметтік  заңдар  осылай  туады  және  солармен  бірге  мемлекет  пен 

құқық та пайда болады. Монтескьё құқықтардың үш тобын ажыра-

тып көрсетеді:

1.  Мемлекетаралық,  халықаралық  қатынастарды  реттейтін 

халықаралық құқық.

2.  Билеушілер мен халықтың өзара қарым-қатынастарын реттейтін 

саяси құқық.

3.  Азаматтардың  бір-бірлерімен  өзара  қарым-қатынастарын 

реттейтін азаматтық құқық.

Монтескьё  мемлекеттік  басқарудың:  республика,  монархия  және 

озбырлық деген үш түрін бөліп көрсетеді.

Адамдарға  шектеусіз  зардап  шектіретін  озбыр  билік  ешқандай 

заңдарды қажет етпейді. Сондықтан ол таза озбырлыққа негізделеді.

Республикалық  басқару  қоғамды  қабылданған  заңдар  негізінде 

басқару дегенді білдіреді.



162

Монархиялық билік басқарудың жоғарыда аталған түрлерінің орта-

сында тұрады. Монтескьёнің өзінің саяси мұраты – ол конституциялық 

монархия (ағылшын билігінің үлгісімен).

Мағынасы  өтпелі  емес  болғандықтан,  саяси  философия 

саласындағы  ойшылдың  бүгінгі  күні  де  маңызды  болып  табылатын 

идеясы  –  ол  мемлекеттік  биліктің  бөлінуі  идеясы.  Оның  ой  желісі 

мынадай:  егер  барлық  билік  бір  қолға  шоғырланса,  онда  ол  сөзсіз 

кезекті  озбырлықтың  орнығуына,  адамдардың  құқықтарының  тапта-

луына жеткізеді. Сол себепті мемлекеттік билік үш тармаққа бөлінуге 

тиіс:

а) заңнамалық;



ә) атқарушы;

б) сот билігі.

Монтескьё негіздеген биліктерді ажырату ұстанымын американдық 

конституцияны  құраушылар  (1787)  пайдаланған.  «Заңдардың  рухы» 

дегенге  келсек,  олардың  әртүрлі  елдердегі  ерекшеліктерін  ол  табиғат 

факторларымен байланыстырады. Олар: жердің құнарлылығы, климат, 

ландшафт,  халықтың  әдет-ғұрыптары  мен  дәстүрлері,  діни  наным-

сенімдері,  халықтың  саны  және  оның  материалдық  хал-ахуалының 

деңгейі,  заң  шығарушылардың  мақсаттары  және  саяси  биліктің 

ерекшеліктері және т.б.

Мысалы, ыстық ауа райы адамды әлсіретеді және оны енжар етеді, 

ал ол кезде суық ауа райы адамның тәнін де, рухын да шынықтырады, 

нәтижесінде,  еңбек  өнімділігі  артып,  ұлы  істер  жүзеге  асады.  Сол 

себепті  ыстық  елдерде  өмір  сүретін  адамдар  құлдыққа  жетсе,  ал 

климаты  суық  елдерде  азаттықтарын  сақтап  қалды.  Әлбетте,  қазіргі 

заманның  адамы  ойшылдың  осындай  көзқарастарына  кекесінмен 

қарауы  мүмкін.  Алайда,  біздің  ойымызша,  қоғам  дамуының  ерте 

кезеңдерінде көп нәрсе осындай факторларға байланысты болған.

Қазіргі  заман  қазақтарының  ата-бабалары  мыңжылдықтар  бойы 

көшпелі  өмір  салтын  ұстап  келді,  ал  бұл  Сарыарқа  табиғатының 

ерекшеліктеріне  байланысты  болды.  Бірақ  Жаңа  заман  туып,  маши-

на  техникасы  пайда  болғанда,  көшпенділік  мүмкіндіктері  сарқылды, 

ал  біздің  ата-бабаларымыз  өмірдің  жаңа  құндылықтарын  қабылдауға 

мәжбүр болды.

Ш.Монтескьёнің пікірінше, көп нәрсе мемлекеттің көлеміне, жердің 

таулы немесе жазық болуына да байланысты болады. Мысалы, жерлері 

таулы  болып  келетін  елдер  көлемі  жағынан  үлкен  бола  алмайды.  Ал 

кішкентай  елде  азаматтардың  бірге  жиналып,  өзекті  мәселелерді 




163

бірлесе шеше алатын мүмкіндіктері бар. Сондықтан оларға көбіне-көп 

республикалық басқару тән.

Көлемі  орташа  мемлекеттер  көбінесе  монархиялық  билікті  құп 

көреді.

Ал аумағы үлкен елдер, негізінен, озбыр болып келеді, өйткені күш 

көрсету және қорқыту арқылы алыс жатқан жерлерді орталық билікке 

бағындыруға болады.

Әлбетте, ойшылдың географиялық фактордың маңыздылығын асы-

ра бағалағаны анық. Алайда оның көзқарастары сол кездегі қоғамның 

күрделі мәселелерін түсіндірудің жаңа тәсілдеріне бастама болды.

Француз ағартушыларының аса көрнекті өкілі, Вольтер деген атпен 

көбірек танымал Франсуа мари аруэнің (1694-1778) философ, тамаша 

ақын, драматург және жазушы, саяси ойшыл ретінде де атағы шықты.

Он екі жасында-ақ оны аббат де Шатонеф Париждегі «Тампль» деп 

аталатын  еркін  ойлы  адамдар  үйірмесіне  кіргізді.  1717  жылы  герцог 

Ф.Орлеанскийді өткір поэзиямен сынағаны үшін, ол 11 ай Бастилияға 

қамалды. Екінші рет осы қорқынышты түрмеге ол кавалер де Роганмен 

болған  жанжалға  айналған  ұрыс-керіс  салдарынан  түсті,  бірақ  онда 

көп  болмады,  өйткені  сот  оны  Франциядан  аластау  туралы  шешім 

қабылдады. 1726-1729 жж. ол Лондонда тұрып, сол жерде парламенттік 

монархияның  белсенді  жақтаушысы  болды,  монархия  идеяларын  ол 

кейіннен Еуропада ғана емес, Екатерина II-мен хат-хабар алысу бары-

сында Ресейде де таратты. Отанға оралған соң, ол 1734 жылы өзіне адам 

айтқысыз табыс әкелген және билікке емес, прогрестік қауымдастыққа 

ерекше  танымал  еткен,  даңққа  бөлеген  «Философиялық  хаттар»  де-

ген  еңбегін  жарыққа  шығарды.  Париж  парламенті  «Философиялық 

хаттарды»  отқа  өртеуге  шешім  қабылдайды,  өйткені  «олар  дінге,  ізгі 

дәстүрлерге, билікке құрмет көрсетуге қарама-қайшы келеді».

Бірақ билік енді Бастилияның Вольтерге шамасы келмейтінін жақсы 

түсінді.  Сондықтан  оның  өзгеше  талантын  монархия  мүдделерінде 

пайдалануға  ұмтылған  король  сарайы  еркін  ойшылды  өз  ықпалынан 

шығармауға  тырысады.  Нәтижесінде,  Вольтер  корольдік  тарих-

ты  жазушы  болып  тағайындалады,  бірақ  көп  ұзамай,  ол  лауазымнан 

шеттетіледі.

Вольтердің қоғамдық-саяси ойдың дамуына ықпалы зор болды. Ол 

Еуропаның тәж кимеген королі деп құрметтелді, ал «вольтерлік» деген 

термин жалпы атауға айналды.

Басынан-ақ Вольтердің шығармашылығы философиялық идеяларға 

толы  және  берік  болды.  Ол  материалдық  және  идеалдық  әлемдердің 




164

бастапқы  себебі  ретінде  танылмаған  Құдайдың  бар  екенін  негізге 

алып, деизмнің негізгі қағидаларын сүзгіден өткізді.

Демокрит  пен  Эпикурдың  атомистік  көзқарастарын  құптай  оты-

рып,  Вольтер  дүние  элементтерін  өткізбеушілік  және  ұзындық 

қасиеттері бар материалдық түпнегіз деп санады. Ньютон ашқан 1-ші 

заңға  сүйеніп,  ол  табиғатты:  органикалық  емес  және  органикалық 

материяның барлық формалары әлемге 1-ші механикалық соққы бер-

ген  сыртқы  күштің  әсерімен  қозғалатын  сағат  механизміне  ұқсатып 

қарастырды.

Вольтер бойынша, адам – негізі табиғаттық тіршілік иесі, оның тән 

мен  қанда  өмір  сүруден  басқа  өмірі  болуы  мүмкін  емес.  Сол  себепті 

адамдар  бақытты  болатын  қоғам  құру  қажет,  ол  үшін  әлеуметтік 

қатынастарды ақыл-парасат пен әділеттілік бастауларында қайта құру 

керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет