адам мәселесін Дидро оның қалыптасуы, яғни тарихи тәсілді
қолдана отырып жетілуі тұрғысынан қарайды. Адамның санасы
Құдайдың сыйы емес, ол – материяның дамуы жолдарында туған
құбылыс. Ол өмірдің күрделенуі, қиындауы нәтижесінде пайда бола-
ды.
Ойшыл адамның өзімшілдік табиғатын мойындайды, бірақ ақылдың
көмегімен оның шектелуі мүмкін деп санайды. Адам басқалардың
мүдделерін түсінуге және өз қалау-ниеттері мен мақсаттарын ақылмен
шектеуге қабілетті.
Келісім теориясына сүйене отырып, Д.Дидро сол уақытта
қалыптасқан «король билігі – Құдайдан» дейтін пікірдің негізсіздігін
көрсетеді. Ол король билігін конституция арқылы шектеу, шіркеудің
ықпалынан босаған зайырлы билік тағайындау керектігін айтады.
Үшінші мәселе – бұл ойлаудың сократтық сипаты, ол әсіресе оның
сұхбаттарында, яғни ойшылға сол жылдары қоғамның озық бөлігі кең
талқылап жатқан: табиғат пен тәрбиенің, қажеттілік пен еркіндіктің,
қажеттілік пен кездейсоқтықтың оған ашылатын ішкі қарама-
қайшылықтарын ашып көрсетуге мүмкіндік беретін әңгімелерінде
ерекше байқалады. Сонымен, «Жиен Рамо» және «Жак-фаталист пен
оның қожайыны» атты роман-сұхбаттарында кейіпкерлердің басынан
кешкендері ғана емес, олардың өзара айтыр-тартыстары да автордың
назарында болды. Жактың фаталист және «күлудің де, жылаудың
да керегі жоқ, түсіну керек» деп үйрететін Спинозаның шәкірті
аталуы жайдан-жай емес. «Жиен Рамода» сұхбаттың кейіпкері –
композитордың жиені Ж.Ф.Рамо өзінің мақсаты, ұстанымы жоқтығынан
таймайды, өйткені, оның ойынша, оған тән күнәлар көп ұзамай өмірдің
жалғыз тірегі деп танылатын болғандықтан, оларды «табиғат өзі рет-
теп қойған». Тәрбие ештеңені де өзгерте алмайды, өйткені «табиғатты
есіктен қуып шықсаң – ол терезеден қайтып енеді». Алайда ары қарай
кейіпкердің көзқарастары өзгереді: ол бұрынғы пікірлерінен бас тар-
172
тып, енді адамның табиғатын жақсы жаққа қарай өзгерте алатын
дұрыс тәрбиенің қажет екенін айта бастайды.
Дидро сословиелік теңсіздікке шұғыл қарсы шығады. «Табиғатта
жан-жануарлардың барлық түрлері бір-бірлерін жейді; қоғамда бір-
бірін сословие құртады. Барлықтарының заң алдындағы теңдігін
орнату керек, салтанатты өмір сүруге де, кедейшілікке де жол бер-
мей, меншікті біркелкі бөлу қажет». Дидро бірқатар еңбектерінде
басқарудың республикалық формасына құлық танытқанмен, бірақ,
тұтастай алғанда, ол халық өкілеттігі сақталатын шектеулі монархия-
ны жақтайды.
«Энциклопедияны» шығарудағы Дидроның серіктесі жан лерон
Достарыңызбен бөлісу: |