ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


номика» қалыптастыру, адамдардың еңбекке



Pdf көрінісі
бет192/440
Дата07.01.2022
өлшемі2,22 Mb.
#17066
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   440
номика» қалыптастыру, адамдардың еңбекке және білім алуға деген 

құқықтарын қатаң қамтамасыз ету, сыртқы сауда-саттықты мемлекет 

қолына беру сияқты мәселелерге байланысты идеялары да марксизмнің 

әлеуметтік теориясына үлкен әсер етті деп жорамалдауға болады.

Өмірінің соңына қарай Фихте әлемді  діни тұрғыда түсіну жағына 

қарай  күрт  бет  бұрады.  Егер  өз  онтологиясын  құру  барысында 

бастапқыда  үлкен  «МЕН»  деп  мәңгі  «ЕРКІНДІКТІ»,  шығармашылық 

«ӨМІРДІ»  және  т.с.с.  түсінсе,  енді  қазір  ол  болмыстың  адам  арқылы 



193

өз-өзін  тануы  орын  алады  дегенді  айтады.  Соған  қарап,  Гегель  өз 

философиялық  жүйесінің  негізіне  Фихтенің  осы  идеясын  алған  бо-

лар  деп  жорамалдай  аламыз.  Ақыр  соңында,  үлкен  «МЕН»  дара 

«Болмысқа»,  Біртұтастыққа»,  «әлеуетті  «Жарыққа»  айналып,  Құдай 

идеясына  жетеді.  Алайда,  өкінішке  қарай,  философтың  ауруы  мен 

өлімі  болмыстың  шекті  негіздемелеріне  қатысты  ізденістерінің  ары 

қарай дамуына мүмкіндік бермеді.

Адамның  орасан  үлкен  шығармашылық,  өзгертушілік  әлеуетін 

көрсете біліп, адамзаттың жарқын болашағына нық сене отырып, Фих-

те өз философиясы арқылы неміс философиясының дамуына ғана емес, 

сонымен  қатар  бүкіл  адамзат  философиясының  өркендеуіне  де  зор 

ықпал етті. Бірақ Шеллинг пен Гегель кейіннен Фихтенің идеализмін 

жеңе отырып, оның философиясын жан-жағынан сынға ұшыратты.

Субъективті идеалист Фихтеден айырмашылығы – Фридрих Виль-



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет