гельм Йозеф Шеллинг (1775-1854) философия тарихына объективті
идеалист ретінде енді. Ол өте талантты адам еді. Бозбала шағында-ақ
ол профессор, тамаша дәрісші болып үлгерді. Оның дәрістеріне сту-
денттер ғана емес, қоғамның зиялылары да, тіпті мемлекет басшысы
да өз нөкерлерімен келіп қатысатын.
Шеллингтің шығармашылығының бес кезеңін бөліп көрсетуге бо-
лады:
• табиғат философиясы (90 жылдардың ортасынан бастап);
• трансценденталдық немесе эстетикалық идеализм (1800-1801 жж.);
• теңбе-теңдік философиясы (1804 жылға дейін);
• еркіндік философиясы (1813 жылға дейін);
• оң философия немесе «Ашылу философиясы» (соңғы кезең).
Оларды түсіне білу кілтін ойшылдың өмірінен табамыз. Ол өзінің
досы, романтикалық «Толқын мен тегеурін» (бұл
жерде
«сезім
толқындары», құштарлықтардың тасқын сияқты ағыны сөз болып
отыр) қозғалысының негізін салушылардың бірі Август Вильгельм
Шлегельдің әйелі Каролина Михаэлиске ғашық болады. Екеуінің
ғашықтығы «асқынып», Каролина Августен ажырасып, Фридрих-
пен некелесіп тынады. Бұл Шеллингтің өміріндегі үлкен оқиға бол-
ды, өйткені Каролина ол үшін «сәуле шашқан жұлдыз» ғана емес,
оның көмекшісі де, ең бастысы, ойы бір серіктесі де болған-ды. Екеуі
Шеллингтің жазғандарын бірге талқылайтын; ол күйеуінің хат алы-
суын жүргізіп отыратын... Бірақ аяқ астынан Каролина қатты ауырып,
көп кешікпей қайтыс болады.
194
Бұл Шеллингтің өмірін күрт өзгертті. Ол ұзақ уақыт үнсіз қалып,
содан кейін діни өмір жолына түседі... Біраз уақыт өткен соң, қайтадан
үйленеді. Бірақ енді ол мүлдем басқа: басылып қалған, өң-түсі кеткен,
шығармашылығы тұралаған адам еді.
Шеллингтің табиғатқа көзқарасын: «Табиғат философиясы идеяла-
ры» (1797), «Әлемдік жан туралы» (1798), «Табиғат философиясының
алғашқы көріністері» (1799), «Динамикалық үдерістің жалпы дедук-
циясы» (1800) атты еңбектерінен көреміз.
Шеллингтің шығармашылығы жаратылыстануда ашылған ірі
жаңалықтармен тұспа-тұс келді: оларды өз шығармаларында көрсетіп
қана қойған жоқ, солардың нәтижелерін басшылыққа алып та отыр-
ды. Оның бойындағы табиғат түсінігі Канттың, әсіресе Фихтенің
ықпалымен қалыптасты.
Шеллингтің табиғат философиясы өзгеше. Әлемнің бастамасын
ол болмыс пен ойлаудың, субъект пен объектінің тепе-теңдігі бо-
лып табылатын Даралықтан (абсолют) көреді. Ойшылдың өз сөзімен
айтқанда, Даралық – бұл мәні бойынша мақсат-мұратқа сай емес,
нақты емес, ойлау да, болмыс та емес, – бірдеңе. Алайда оның өмірге
деген ішкі талпынысы бар, сол оны: «бол!» қағидасын іске асыруға
жеткізеді. Нәтижесінде Табиғат пайда болады. Егер Табиғатты Фихте
субъект үшін кедергі, жай ғана бір зат деп түсінсе, ал Шеллингтің ой-
ынша, ол – құнарлы, өндіргіш күштері мол – natura naturans. Оны
қарапайым жұмсақ негіз – natura naturata деп қабылдауға болмайды.
Бастапқыда Табиғат бейберекет түсініксіз күйде болғанмен, енді
ол әлдебір мақсатты нәтижелерге келтіре бастайды. Оларды Шеллинг
заттардың өзара тартылуы мен тебуінен көреді (физика терминдерімен
айтқанда, – гравитация және магнетизм). Келесі кезеңде Табиғат хи-
мизмге дейін көтеріледі, ал олар, өз кезегінде, электр үдерістерімен
байланысты. Ақырында, Табиғат көпқырлы, алуан түсті өмірді туды-
рады. Адам Табиғаттың ақырғы жетістігі іспетті пайда болады. Бұл
тұрғыда «Адам мен Табиғат» субъект пен объектінің тұтастығын
көрсетеді. Гравитацияның адам бойындағы бастапқы күші пайымдап
қарауға айналады. Соның негізінде адам бойында біртіндеп сана-сезім
қалыптасады.
Адамның сана-сезімі, Шеллингтің ойынша, үш сатыдан өтеді:
1. Көмескі түйсіктерден шығармашылық пайымға дейін. Бұл саты-
да ішкі сезімдер мен сезіну нысаны теңбе-тең.
2. Шығармашылық пайымнан болмыстың мәнін тиянақты ұғынуға
дейін (кеңістік, уақыт, себептілік, қажеттілік және басқадай түсініктер
пайда болады).
195
3. Санаттарды құраудан сана-сезім әрекетіне дейін (субъект өзін
Табиғатқа қарсы қояды, сонымен қатар өзін нысан (объект) ретінде
қарау арқылы сана-сезімге жетеді).
Сөйтіп, санамен ұғынбаған нәрсе тарихи үдерістерден өте келе,
белсенді, еркін және саналы күшке айналады, яғни табиғат қоғамға
айналады. Ерте жазылған «Догматизм мен критицизм туралы
философиялық хаттар» (1795) деген еңбегінде өзінің «критицизмдегі
мақсатын өзгермейтін өзіндікке, даусыз еркіндікке, шектеусіз
қызметке ұмтылу» деп санай отырып, Шеллинг Фихтеден кейін қасаң
(догматтық) философия қағидаларын сынға алса, көп ұзамай табиғатты
түсінуде Шеллинг пен Фихтенің арасында түбегейлі қарама-қайшылық
байқалады.
Шеллинг ұғымында табиғат – адамгершілік мақсатты іске асырудың
құралы, сыни парасат өз күштерін сынап көретін материал ғана болу-
ын тоқтатады және дербес нақтылыққа айналады. «Трансценденталдық
идеализм жүйесі» деген еңбегінде Шеллинг жоғарғы мақсатқа жету
бағытында табиғат дамуының барлық кезеңдерін жүйелі түрде ашып
көрсетуге, яғни «табиғатты ұтымды біртұтас нәрсе, мақсаты – сананы
тудыру болып табылатын ақыл-парасаттың ұғынықсыз өмірінің фор-
масы ретінде қарауға» әрекет жасайды (П.П.Гайденко).
Физика мен химия саласында Л.Гальвани, А.Вольт, А.Лавузье,
биологияда А.Галлер мен А.Браун ашқан жаңалықтар ойшылдың
көзқарастарына айтарлықтай ықпал етті. Шеллингтің табиғат
философиясындағы антимеханикалық сипат осыдан келіп шыққан.
Шеллинг неоплатониктердің дәстүрін Фихтенің этикалық
идеализмімен біріктіруге әрекеттенеді және табиғат философиясын
трансценденталдық идеализмнің органикалық бөлігі ретінде қарайды
(табиғаттың дамуы саналы «МЕНнің» пайда болуына жеткізеді).
Шеллинг бойынша, «МЕНнің» қызметі теориялық және
практикалық салаларға ажырайды.
Ол табиғи күштердің («әлеуеттердің») иерархиясын құрды,
ал ол ақырында теңбе-теңдік философиясына айналды: субъект
пен объектінің, нақты мен идеалдың, табиғат пен рухтың қарама-
қайшылығы Даралық-Абсолютте – идеал мен нақтылықтың теңбе-
теңдігінде жойылды.
Адамның «екінші табиғат» жасауынан Шеллинг қоғамның
ерекшелігін көреді. Адам өзін қоршаған әлемнің заттарын игереді және
оларды шығармашылықпен түрлендіре, өзгерте отырып, өзінің еркіне
бағындырады. Осы жерде субъективті және объективті заттар біртұтас
196
бүтінге айналады. Ол «жасадың – яғни таныдың», «әрекет ет те, –
таны» деген қағиданы ұстанады.
Алайда Шеллингтің ойынша, әлемді терең танып білуды басқа
жолмен де іске асыруға болады. Бұл – эзотерийлік (грекше ezoterikos –
құпия, жасырын) жол, оған парасатты түйсік арқылы келуге болады.
Бұған тек таңдаулылар, ерекше дарынды адамдар ғана қол жеткізе
алады.
Шеллинг әлемдік тарихты Даралықтың ең құнды жетістігі деп са-
найды. Тарих адамзаттың өзгерткіш қызметі арқылы іске асады. Алай-
да бұл жолда адамзат Даралыққа толық жете алмайды. Бұл мақсатқа
қоғамды шексіз жетілдіру арқылы қол жеткізуге болады. Сондықтан
өздерінің алдына адамдар қоғамның қазіргі дамуы сатысында іске
асыруға болатын мақсаттар мен міндеттер қоюға тиіс.
Шеллингтің филосфиялық жүйесінде өнер философиясына ерекше
орын бөлінген. Егер Кант пен Фихте тарихтың мағынасын адамның
моральдық жетілуінен көрсе, ал Шеллинг өнерден көреді.
Ойшылдың пікірінше, әсемдік арқылы Әлемді терең түсінуге
және сезінуге болады, өйткені Универсумның
1
өзі – «дара өнер ту-
ындысы», ал табиғат – «рухтың санамен түйсінбейтін поэзиясы».
Күннің шығуы мен батуының ғажаптығы, ара ұяларының ғажайып
үйлесімі, гүлдердің алуан түрлері мен иістері, құстардың көктемдегі
шықылықтары, тауешкінің сымбаты т.с.с. – осының бәрі бізді шексіз
таңдандырады, өйткені әлемдегі әрбір затқа шексіз ақыл-парасаттан
туған идея сай келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |