мыс ұғымынан емес, өмірге қанық болмыстың өзінен басталуға тиіс
қой. Бұл жағдайда біз заңды түрде барлық философиялық санаттарды
дарадан, жалқыдан шығаруға тиіспіз, өйткені кез келген нақты бол-
мыс – ол қазір, осы жерде немесе ана жерде бар, өмір сүретін әлдене.
Егер болмыс жалқы, бірегей заттардан тұрса, онда ойлау жалпыны ту-
дырады. Ойлардың осындай желісі, дау жоқ, тартымдырақ болмақ,
өйткені өмірдің өзінен, бардан шығады.
Адамның қоршаған әлемді танып білуі үдерісін қарастыра келе,
Л.Фейербах агностицизмді
1
қатаң сынға алады. Адамның сезінуі бізді
Табиғаттан алшақтатпайды, керісінше, бізді онымен байланыстыра-
ды. Бұл жерде ол Інжілдің (Евангелие – ізгі жаңалық) діни ұғымдарын
пайдаланады. Сезінулер бізге әлем туралы ізгі жаңалықтарды әкеледі.
Фейербах қозғалысты материяның өмір сүру тәсілі деп санайды,
ал ол кеңістіксіз және уақытсыз мүмкін болмайды. Табиғаттың себебі
оның өзінде. Оны ешкім тудырған жоқ, ол мәңгі өмір сүріп келеді.
Табиғат ойлай алмайды, бірақ адамды тудырып, ол өз-өзін сезінуге
дейін көтеріледі. Адам ғана қоршаған әлемді өзгерте отырып, оған
өзінің санасын телиді.
Олай болса, рух – тірі адамның, оның өмірлік ақыл-ой
белсенділігінің туындысы, ал ми оның тәніне жатады. Сондықтан
«адамды Құдай жаратқан» деген миф: Оған өзінің барлық мән-
мағыналы күшін беріп, «Құдайды адамның өзі жаратқан» деген
ғылыми негізделген оймен ауыстырылуға тиіс. Ары қарай Л.Фейербах
жоғарыда аталған тезисін дәлелдеу үшін, өзінің барлық күш-жігерін
сарп етті.
1
Агностицизм – нақты дүниені және оның заңдылықтарын танып білу мүмкіндігін жоққа
шығаратын идеалистік философиялық ілім.
206
Адамдардың Құдіретті Құдайға деген сенімінің терең бастаулары,
ойшылдың пікірінше, адам жанының құпия сандықтарында жатыр.
Олардың ішіндегі ең бастысы – табиғаттың белгісіз дүлей, алапат
Достарыңызбен бөлісу: |