ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


қауымдастықтың  насихаттауы  нәтижесінде  жеңіске  жетеді



Pdf көрінісі
бет257/440
Дата07.01.2022
өлшемі2,22 Mb.
#17066
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   440
қауымдастықтың  насихаттауы  нәтижесінде  жеңіске  жетеді.  Енде-

ше, ғылым – ғылым өмір сүріп жатқан институттар, яғни: дін, мифоло-

гия, философия және басқаларының бір түрі ғана болып табылады. Сол 

себепті олар әлемді танып білуде теңдей болуға тиіс. Бұндай ұстаным 



«әдістемелік плюрализм» деп аталды, өйткені ол постпозитивизмнің 

шығармашылық әлеуетінің енді сарқылғанын көрсетті.

Дегенмен постпозитивизмнің әр ағымының қазіргі заманғы ғылым 

философиясында кең пайдаланылатынын атап өткен жөн.



8.4. структурализм

Позивитизмнің негізгі бағыттарына структурализм өте тығыз жа-

насады.  Бұл  –  XX  ғасырдың  гуманитарлық  танымындағы  бірқатар 

бағыттардың ортақ атауы. Олар құрылымды, яғни әртүрлі өзгертулер 

мен  түрлендірулер  барысында  орнықтылықты  сақтауға  қабілетті 

бірбүтіннің  элементтері  арасындағы  көпдеңгейлі  қатынастардың 

жиынтығын айқындауға байланысты. 

Структурализмнің даму үдерісі бірқатар кезеңдерді қамтиды:

–  әдістің қалыптасуы – бәрінен бұрын құрылымдық лингвистикада;

–  әдістің барынша кең таралуы;

–  әдісті барлық ғылымдық тұжырымдарға енгізу нәтижесінде оны 

айқындықтан айыру; 

–  сынау және өз-өзін сынау, постструктурализмге өту.

Бағыттың өзі Францияда пайда болды және ол швейцарлық тіл ма-

маны  Фердинанд  де  Соссюрге  (1857-1913)  байланысты  еді.  Ол  алғаш 

рет тілді жүйе (құрылым) ретінде қарауды ұсынды, тіл лингвистикасы 




260

мен  сөйлеу  лингвистикасының  шекарасын  ажыратты,  синхрония  (гр. 

sinchronis  –  бірмезгілдік,  дәл  сәйкестік)  мен  диахронияны  (гр.  –  dia  – 

арқылы, chronos – уақыт – тілдің уақыт ішінде ауысуы) бөліп көрсетті.



соссюр – бір жағынан, интроспекционизмнен (лат. – intospectare – 

ішке  үңілу),  екінші  жағынан,  фактілерді  позитивистік  қосудан  бас 

тартуды талап ететін Еуропадағы құрылымдық лингвистиканың негізін 

салушы болып табылады. Оның бағдарламасы фактілерді эмпириялық 

жинақтау сатысынан теорияларды құру сатысына өтуге байланысты.

Сондықтан, егер басында структурализм ғылыми әдістеме ретінде 

пайда болса, ал кейіннен ол басқа салаларға да таралды. Олар:

–  мәдениетті зерттеу (Ю.М.Лотман);

–  этнография (К.Леви-Строс);

–  психикалық талдау (Ж.Лакан);

–  әдебиеттану және көпшілік мәдениеті (Р.Барт);

–  ғылым тарихы (М.Фуко) және басқалары.

Сонымен,  француз  философы  және  мәдениет  тарихын  зерттеуші 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет