ғылым (gronis) және пікір (doxa) деген екі ұғымды бір-біріне қарсы
қояды. Еуропалық мәдениеттің тоқырауын ол осы екі ұғымның бір-
бірінен ажыратылмауынан көреді. Пікір – ол көмескі, айқын емес,
көбінесе нақты бір тұлғаның мүдделерімен шектелетін білім. Пікірге
қарсы ол бастапқыда гректің «мүдделі емес пайыммен қарау» деген
мағына беретін «теория» сөзін пайдаланды. Ойшылдың көзқарасы
бойынша, теорияға негізделген философия ғана әлемнің сан-салалы,
жан-жақты көкжиектеріне жетуге мүмкіндік береді.
Э.Гуссерль алдына: сананы тазарту, оның (сананың) адамның та-
рихи тәжірибесіне байланысы жоқ бастапқы құрылымдарына жету
мақсатын қойды. Оның феномендері – ол өз-өзінен айқын, тікелей
санаға берілген құбылыстар. Феноменология өзіндік айқындығы
тікелей түйсікке берілген ерекше мәндерді зерттейді. Санадағы фено-
мендер (құбылыстар) адамға тіл арқылы берілген. Оған адамның жан
дүниесінде пайда болып жататын әртүрлі күйзелістер де жатқызылады.
Таза сананың өзгеше ерекшелігі – оның бағыттылығы (лат.
intention – бағыт, бағыттылық). Әр сәтте, әр секундта сана бір нәрсеге
бағытталады: «жалпы», «ештеңе туралы емес» дейтін сана болмайды.
Қабылдау, есте сақтау, елестету, қалау, ойлау формалары – осылардың
бәрінде де заттық мазмұн, мағына бар. Бағыттылық сананы әртүрлі
мағыналармен, мәндермен толықтырады. Өз іс-әрекеттерінде адам кей-
де қоршаған заттарға мағына бергенін байқамайды. Кейін оларды са-
268
надан тыс өмір сүретін және объективтік түрде танылатын қасиеттері
бар құбылыстар деп қарайды. Ал іс жүзінде біз санаға тәуелсіз өмір
сүретіндердің барлығын жақшаның сыртына шығаруға тиіспіз, өйткені
объект пен субъект бір-бірімен ажырамаған күйде санамызға еніп жа-
тады. Сана арқылы адам заттарды қабылдайды, оларға мағына береді
және олармен өзара қарым-қатынасқа түседі. Бұл жерде, бір жағынан,
танымға бағытталған іс-әрекет – ноэзис, ал, екінші жағынан, таным
үдерісінде жинақталатын мазмұн – ноэма бар.
Э.Гуссерльдің пікірінше, барлық ғылымдардың негізінде, тұтастай
алғанда, теориялық-танымдық үдерісте барлықтарына таныс, өмірде
кең қолданылатын және адамдар оның мәні туралы ойланбайтын мәңгі
Достарыңызбен бөлісу: |