ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


фуркация  деп  аталатын,  яғни  оның  ары  қарайғы  дамуының  векторы  айқындалатын  нүктесіне  жетеді.  Ал  ол  векторды  «Ұлы  мәртебелі



Pdf көрінісі
бет329/440
Дата07.01.2022
өлшемі2,22 Mb.
#17066
1   ...   325   326   327   328   329   330   331   332   ...   440
фуркация  деп  аталатын,  яғни  оның  ары  қарайғы  дамуының  векторы 

айқындалатын  нүктесіне  жетеді.  Ал  ол  векторды  «Ұлы  мәртебелі 



кездейсоқтық»  айқындайды.  Есепсіз  мүмкіндіктердің  ішінен 

кейіннен  жүйенің  бейнесін  қалыптастыратыны  жеңіп  шығады.  Жүйе 

күрделенуінің жаңа айналымы басталады.

Алайда жүйені қалыптастырудың деңгейін көтеру үшін, қоршаған 

ортадан  мүмкіндігінше  көп  энергия  мен  ақпарат  алу  қажет,  яғни 

соңғыны берекетсіздендіруді іске асыру керек.

Бір  немесе  басқа  ұйымдасқан  жүйе  үнемі  әлдебір  сыртқы 

күштердің  бүлдіргіш  әсерін  сезеді  және  сол  себепті  өз-өзін  сақтау 

үшін, қарсы әрекет көрсетеді. Бірақ кез келген жүйе шектеулі, ал оны-

мен  салыстырғанда,  Әлем  –  орасан  үлкен.  Өзінің  қарсы  әрекет  ету 




335

әлеуетін сарп етіп болғанда, ол сөзсіз ыдырайды. Бірақ бейберекеттік 

шектерінде  тәртіпке,  күрделенуге  және  жетілуге  ұмтылатын  жаңа 

құрылымдар пайда болады...

Сөйтіп,  синергетика  тек  жанды  табиғаттың  дамуын  ғана  мойын-

дап  қоймайды,  сонымен  бірге  ол  осының  бәрі  жансыз  табиғатқа  да, 

қоғамға да, рухани өмірге де тән деп санайды. Бұл үдерісте «кездейсоқ 

жағдайдың» маңызы орасан және сондықтан ешкім ешқашанда Әлем-

нің  болашақтағы  дамуын  болжай  алмайды.  Әлем  ешқашан  өзінің 

мүлтіксіз  жетілуіне  жетпейді,  сол  себепті,  бір  жағынан,  тәртіп  пен 

күрделенуге ұмтылу, екінші жағынан, ыдырау мен күйреу болып жа-

тады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   325   326   327   328   329   330   331   332   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет