336
барлығын қамтитын метафизикалық жүйелерді құрған метафизика-
лық (философиялық) және
оң (ғылыми) сатыны мойындайды. Ғылым
дамуын кумулятивтік түсіну – жаңа ғылым қашанда ескіден гөрі
жетілген және дәл дегенге саяды. Олай болса, бұрын жинақталған
(кумулятивтік) білімдер бүгінгі ғылымның алдыңғы тарихы ретінде
әрекет етеді. Бұл жағдай алдыңғы мыңжылдықтарда өмір сүрген
адамдардың өмірі, күйзелістері, ашқан жаңалықтары, қуаныштары
мен қасіреттері осы жетілген қоғамдағы тұлғаның гүлденуіне
арналған құнарлы топырақ ретінде ғана қаралатын коммунизм идея-
сын есімізге түсіреді. Осындай көзқарас болғанда, әлеуметтік-мәдени,
психологиялық, тұлғалық және басқа да факторлар ғылым дамуында
өзінің мағынасын жоғалтып, ішкі сана-сезімінен айырылады. Міне,
осы жағдайларды алғаш рет Э.Барт айқын көрсеткен-ді. Оның ойын-
ша, әрбір ғалым әрдайым өз заманының әлем жайындағы идеяларын
бөліседі және адамның сана-сезімінің өзінде метафизика элементтері
қашанда бар. Ғылыми танымның философиямен өзара байланысы ту-
ралы бұл идея ғылыми таным дамуының жолдарын ары қарай жете
ойластыруда елеулі рөл атқарды.
XX ғасырдың ортасына қарай ғылыми танымға біртіндеп және
үздіксіз жүретін үдеріс ретінде қарайтын көзқарас қабылданбайтын
көзқарасқа айналды – ғылымдағы революция идеясы пайда болды.
Алғаш рет ол идеяны өзінің «Галилей этюдтері» деп аталатын еңбегінде
а.койре айтқан-ды. Оның пікірі бойынша, Жаңа дәуірдің ғылымы
аристотельдік метафизикадан жаңа (сол заманғы) метафизикаға өтудің
нәтижесінде секіріс, яғни революция жасады. Ғылымның бірқалыпты
және дәйекті дамуы фактілердің жинақталуы есебінен емес, ішкі
оқиғалылық есебінен болады. Бұндай көзқарас ғылымның дамуын
түсінуде интернализмнің бұрқ етуіне түрткі болды.
Интернализм ғылыми таным дамуының ішкі заңдылықтарымен
басқарылатын ғылым тарихы ретінде түсініледі. Оның үстіне,
әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдениеттанушылық, психологиялық
сияқты факторлар ескерілмейді, жоқ дегенде, олардың ғылым
дамуындағы шешуші фактор ретіндегі рөлі теріске шығарылады. Ин-
терналистерге А.Койре, И.Лакатос, К.Поппер және басқалары жатады.
Мысалы, К.Поппер өзінің үш әлем туралы ілімінде білімдер әлемін
адам қолымен жасалған өзгеше әлем деп таниды. Белгілі бір сәттен
бастап, бұл әлем өзінің ішкі мүмкіндіктері негізінде дамитын тәуелсіз,
объективті әлемге айналады. Әлбетте, әлеуметтік факторлар оған
ықпал етпей қоймайды. Алайда олар шешуші факторлар болмайды.
337
Интернализм эмпириялық және ұтымды (рационалдық) деп
бөлінеді.
Эмпириялық интернализм ғылымда жаңа фактілердің ашылу-
ын бірінші дәрежелі маңызды іс санайды, өйткені олар – ғылыми
танымның негізгі бастауы. Теориялық білімге келсек, ол ашылған
фактілерді қорыта және жүйелей отырып, оның соңынан келеді.
Ұтымды интернализм ғылымның дамуына ғалымдардың басында
болып жататын шығармашылық үдерістер немесе ашылған идеялардың
тәртібін және реттілігін өзгерту себеп болады деп есептейді. Бірақ біз
не айтсақ та, ұтымды интернализмнің терең тамырлары зияткерлік
Достарыңызбен бөлісу: