мос орын тіліне, – жалпы, басқа тілдерге де, – әлем, ғалам, үйлесім,
заңдылық деп аударылады. Ал енді өзімізден сұрап көрейік: қандай
халықтарда осындар ұғымдар тілде болған жоқ? У-Вэй (үйлесім)
Лао-Цзының іліміндегі негізгілердің бірі болмап па еді? Дәл сон-
дай демокриттік «атомға» жақын ұғымдарды қытай және үнді фило-
софияларынан да табуға болады (ци, пракрити). Онда, жоғарыда
айтылғандарға сүйене отырып, мынадай қорытындыға келуге бо-
лады: Шығыста б.з.д. VI ғасырда-ақ әлем бейнесінің қазіргі заманғы
астрофизикалық көзқарастарға жақын табиғи-философиялық үлгісі
құрылған.
Енді Ертедегі Грекияға қысқаша саяхат жасап қайтайық. Милет
қаласында пайда болған алғашқы филсофиялық мектеп «аРХені», яғни
әлемнің түпнегізін іздеумен айналысты. Оған біз төмендегі ойшылдар-
ды: Фалесті, анаксименді, анаксимандрды жатқызамыз. Түпнегізді
Пифагор, Гераклит және басқалары да іздеді. Олардың ұлылығы, сірә,
әлемді мифологиялық тұрғыда түсінуді қанағат тұтпауда, оның негізін
Достарыңызбен бөлісу: |