ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет362/440
Дата07.01.2022
өлшемі2,22 Mb.
#17066
1   ...   358   359   360   361   362   363   364   365   ...   440
2.  механистік  үлгі.  Аристотельдің  әлемге  қатысты  жоғарыда 

аталған  көзқарастары  тарихта  екі  мыңжылдық  бойы  сақталды.  Хрис-

тиан философтары (Ф.Аквинский және басқалары) оларды Құдай бол-

мысын  дәлелдеу  мақсатында  пайдаланды.  Мәңгілік  аясында  Құдай 

ғана бар, ОЛ – Шындық, Жақсылық, Әсемдік, ал жаратылған Табиғат 

әртүрлі  мүмкіндіктермен  толтырылған  болмыс  болып  табылады. 

Табиғаттың  кез  келген  заттары  мен  құбылыстарының  бұл  дүниеге 



364

келуі де, келмеуі де мүмкін еді. Олардың барлығы да өтпелі, кездейсоқ 

және жетілмеген. Ортағасырлық философтар осылай ойлады.

Ал  енді  өз-өзін  сарқып  бітірген  феодализмнің  орнына  Қайта 

өрлеу дәуірі келді, капиталистік қатынастардың негіздері қалана бас-

тады.  Теңізде  жүзу,  сауда-саттық  қарқынды  дамыды.  Теңіздер  мен 

мұхиттарда  алысқа  жүзуді  жүзеге  асыру  үшін,  астрономиялық 

білімдерді  жетілдіру  қажеттігі  туды.  Әлемнің  жаңа  ғылыми  бейнесін 

жасау қажет болды.

Н.Кузанский,  Н.Коперник  Қайта  өрлеу  дәуірінің  алдына  қойылған 

міндеттерді  сәтті  шешіп  берді.  «Аспан  денелеріне  жүгіну  туралы» 

еңбегінде  Н.Коперник  әлемнің  гелиоцентрлік  бейнесін  негіздеді. 

Әлбетте,  оның  көзқарасы  Аристотельдің  де,  бүкіл  ортағасырлық 

философияның  да  пікіріне  қайшы  келді.  «Ғаламның  ортасы  жоқ,  ол 

сансыз мүмкіндіктермен толтырылған», – деп мәлімдеді Н.Кузанский.

Қайта  өрлеу  дәуірінің  тамаша  ойшылы  Дж.Бруно  Н.Коперниктің 

идеяларын ары қарай дамытты. Ол ортасы жоқ шексіз Ғалам идеясын 

алға  тартты,  оны  Құдай  мен  Ғаламның  ұқсастығымен  негіздеді.  Бар 

Ғаламға  адамдар  қоныстанған,  ол  өмірге  толған,  ал  біздің  Күніміз  – 

Ғаламның  сансыз  жұлдыздарының  бірі  ғана.  Қазіргі  заман  адамына 

жақын осындай идеяларды Дж.Бруно жария етті. Ол адамзат тарихын-

да өз идеялары үшін жанын қиған азғантайлардың бірі болды.

Қайта өрлеудің шынайы алыбы өз perspicilium – телескопы арқы-

лы  тауларды,  Айдағы  шұңқырларды,  Юпитер  серіктерін,  Сатурн 

шеңберін көрген, тіпті Күн бетіндегі дақтарды тапқан Галилео Галилей 

болды.  Құс  жолы  іс  жүзінде  жұлдыздардың  шоғыры  болып  шықты. 

Бұл жаңалықтар оның замандастарына «Үлкен жарылыс теориясының» 

біздің  заманымыздағыдай  үлкен  әсері  болды.  Білімдердің  бұл  тұтас 

қорын Жаңа дәуірге Қайта өрлеу дәуірі берді.

Ғылымның  міндеті  Табиғат  заңдарын  ашу  ғана  емес,  –  соны-

мен  қатар  болып  жатқан  құбылыстардың  себептерін  анықтау.  Жаңа 

дәуірде Р.Декарт осылай деп санады. Әлем – Құдайдың жаратушылық 

құдіретінің  көмегімен  жасалған  өзгеше  күрделі  машина  (machine 

mundi).  Өмірдің  өзі  ойшылдарды  осындай  идеяларды  тудыруға 

итермеледі.  Капитализм  адамдарды  басыбайлылықтан  құтқарып, 

қоғамның өндіргіш күштерінің дамуына жол ашты. Ал ол үшін, қоғам 

мүдделерінде  пайдалану  мақсатында  табиғат  құбылыстарын  зерттеу, 

олардың  заңдарын  ашу  қажет  болды.  Механикалық  заңдарды  пай-

даланатын  әртүрлі  машиналар  мен  құрал-жабдықтар  пайда  болды, 

олар,  өз  кезегінде,  механиканың  қуатты  дамуына  жеткізді.  Материя 




365

қозғалысының  механикалық  формаларын  математикалық  жолмен  си-

паттау мүмкіндіктері ашылды. Сондықтан да Р.Декарт физиканың кез 

келген саласының негізінде математика жатуға тиіс екенін жариялады.

Р.Декарт  әлемнің  негізінде  бір-біріне  тәуелсіз  екі  бастаманың: 

бір  жағынан,  кеңістікте  созылған  материалдық  денелер  (res  extansa), 

екінші  жағынан,  кеңістікте  орны  жоқ  ойлау  (res  cogitans)  жатқанын 

мойындайды. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   358   359   360   361   362   363   364   365   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет