болып табылады.
363
алдымызда созылып жатқан нақты өмір. Алайда нақты өмірдегі заттың
сыртқы жағы, оның көрінуі, ал оның ар жағында оның ішкі мәні бар.
Үнділік ойшыл және ақын Р.Тагор айтқандай, бір немесе басқа затты
оп-оңай түсінуге болады, бірақ оның ішкі мәнін түсіну ұзақ уақытты
қажет етеді.
Бұл қарама-қайшылықты шешу үшін, Аристотель екі кітап жазады.
Бірі – «Физика», екіншісі – «метафизика». Біріншісінде ол барлығы
өзгеретін, бір күйден екіншісіне ауысатын, табиғатта болып жата-
тын үдерістерді, іс-әрекеттерді зерттесе, ал екіншісінде өзгермейтін,
жоғарғы себептеріне, яғни заттардың мәңгі, орнықты негіздемелеріне
талдау жасады.
Осы екі әлемді ұштастыру үшін, ол философияға: мүмкіндік және
шындық (болмыс) дейтін екі санатты енгізді. Инертті, өз-өзімен
өмір сүретін, бейберекет күйдегі мәңгілік материя бар-жоғы әлемнің
мүмкіндігі болып саналады. Формаға ие болып қана ол шындыққа,
біздің зерттейтін нысанамызға айналады. Форма заттың ішкі энте-
лехиясын, оның мақсат-міндетін, қазіргі терминдермен айтқанда, –
заттың ішкі бағдарламасын жасайды.
Әлемге осындай көзқарас гилеоморфизм (грекше «hyle» – ма-
терия, «morphe» – форма) деп аталады. Формаға ие болған материя
енді бейберекетсіздік емес, – ол алдымызда жатқан нақтылық, заңға
сәйкестігі, тәртібі, үйлесімділігі бар әлем.
Бірақ бұл жерде біз өзгеше күрделі мәселеге тап боламыз. Егер ма-
терия өз-өзімен мәңгі өмір сүрсе, онда форма қайдан шықты? Басқа
жауап таппаған соң, Аристотель: «Барлық формалардың формасы –
Құдай», – дейді. Ал онымен мәселенің өзі, әлбетте, күн тәртібінен
алынбайды ғой.
Ертедегі гректер әлемнің түпқазығын Жер деп санайды. Ондай
көзқарас дүниеге геоцентрлік көзқарас деп аталады. Аристарх Самос-
ский ғана әлемнің түпқазығын Күн деп санайтынын білдірді. Алайда
антика заманында ол қолдау таппады. Қайта өрлеу дәуірінде ғана оның
идеяларына Н.Коперник жаңа серпін берді.
Достарыңызбен бөлісу: