уақыттың жаңа релятивистік (салыстырмалы) тұжырымдамасын
алға тартты. Бұл тұжырымдамаға сәйкес, егер ғайыптан-ғайып бір
күні әлем жоқ болып кетсе, онда нақты бар шындықтың (болмыстың)
формалары ғана болып табылатын кеңістік пен уақыт та онымен бірге
жоқ болады. Олардың, Демокрит және басқалары ойлағандай, өзіндік
мәні жеткілікті меншікті болмысы (субстанциализм) жоқ.
Зерттеулерінің негізінде А.Эйнштейн жиынның баламалылығы
және заттың энергиясы: E = mc/2 формуласын (E – энергия, m – мас-
са (жиын), c – жарық жылдамдығы) шығаруға қол жеткізді. Бұл фор-
мула бүгінгі күні энергия сақтау заңының жалпы тұжырымы ретінде
қаралады.
г.минковский А.Эйнштейннің кеңістік пен уақытқа қатысты идея-
сын ары қарай дамытты. Салыстырмалылық теориясына сәйкес, әлем
бейнесінде кеңістік пен уақыт бір-бірімен үзілместей байланысқан. Де-
мек, әлем төрт өлшемді кеңістік-уақытта өмір сүреді.
Салыстырмалылықтың жалпы теориясы бізге Ғаламның орнықты
(стационарлық) үлгісін ұсынады. Алайда 1922 жылы а.Фридман
Ғаламның орнықты емес үлгісінің де болатын мүмкіндігін көрсетті.
Сол идеяның негізінде «кеңейіп жатқан ғалам» тұжырымдамасы
пайда болды. Оны тәжірибе жасау жолымен Э.Хаббл дәлелдеп шықты.
Алыс галактикалардан шығатын сәулелер ауқымын қарай отырып,
ол солардың «инфрақызыл сәулелерінің жылжуын» тапты, ал бұл
Ғаламның кеңейетінін дәлелдейді. Сөйтіп, ғарыш кеңістігіндегі га-
лактикалар бірте-бірте бір-бірлерінен алшақтайды. Олай болса,
галактикалардың қозғалыс жылдамдығын есептеп шығара отырып,
әлемнің пайда болған уақытын анықтауға болады. Осыдан келіп
«Үлкен жарылыс» идеясы шығып, нәтижесінде, біздің Әлеміміз пайда
болды. Тіпті осы ғажап оқиғаның болған уақытын шамамен есептеп
шығаруға қол жетті. Бұл 13,7 млрд жыл бұрын шамасында болған деп
айта аламыз.
Жаратылыстанудың осы көрнекті жетістіктері XX ғасырда Әлем
туралы бұрынғы көзқарастарды күл-талқан етті. Шындығында, көп
ғасырлар бойы ғалымдар, – жаратылыс туралы қасаң діни қағидаларды
есептемегенде, – Әлем өзімен-өзі мәңгі өмір сүреді деп санады. Алай-
да бұл постулаттың шешілмеген: бүл дүниеде ештеңе де мәңгі өмір
сүрмейді, бәрі де – өтпелі дейтін қарама-қайшылығы бартұғын. Соны-
мен бірге, егер Әлемді бірбүтін деп алсақ, онда ол мәңгі өмір сүреді.
372
Олай болса, мәңгілік әлемнің өмір сүру мағынасы неде екеніне,
Достарыңызбен бөлісу: |