оның не үшін өмір сүретіндігіне қатысты қасиетті сұрақтар туады.
Енді табиғаттағы заттар мен құбылыстар ғана емес, бірбүтін деп
алынған Әлемнің де өз бастауы бар болып шықты, демек, ол уақытта
өріс алған тарихи оқиға екен. Егер солай болса, онда әлдебір, адами
өлшеммен алғанда, тым алыс болашақта Ғаламның бұл үлгісінің та-
рихы да келмеске кетеді. Ол ғылымның XX ғасырдағы теңдесі жоқ
жаңалығы болды.
Бұл жерде: «Не жарылды?», «Үлкен жарылыс жиын мен энергияның
сақталуы заңына қайшы келмей ме?» деген бірнеше қиын сұрақ туа-
ды. Бірінші сұраққа ғалымдар: «Вакуум», – деп жауап берді. Екінші
сұраққа да: «Қайшы келмейді», – деген оң жауап қайтарылды. Өйткені
толық жиын немесе дәл сондай – «Фридман Ғаламының» энергиясы
нөлге тең. Оны былай түсіну керек: Ғаламның толық жиыны (энер-
гия) ішкі бөлшектердің кері тартылыс энергиясының күшіне тең.
Вакуумның энергиясы да нөлге тең. Олай болса, Ғаламның вакуумнан
пайда болуы энергияны сақтау заңына қайшы емес.
Теоретик-физиктердің болжауынша, вакуумдағы алғашқы заттың
тығыз болғаны соншалықты, бір куб см-ге шаққанда, ол 10/91 дәрежені,
ал оның радиусы сантиметрдің 10/-12 дәрежесін құраған. бұл –
Достарыңызбен бөлісу: |