39
Ілімнің қақ ортасында тұрған – тұлға болмысының мәселелері.
Оның негізгі мазмұны – бұл этика, адамды құмарлықтардан азат ету.
Джайнизмнің мақсаты осындай азаттық мүмкін болатын өмір салтына
қол жеткізу. Мысалы, қазіргі заманғы джайнистік беделділердің бірі,
Ұлыбританияда, АҚШ-та пен Үндістанда джайнизм орталықтарын
ұйымдастырушы Шри Сушна Кумар: «Егерде кімде-кім озбырлықты
емес, сүйіспеншілікті, жанашырлықты, бейбітшілікті, үйлесімділікті,
бірлікті шынайы іске асырушы болса, онда ол – нағыз джайн. Джай-
низмге бұру мүмкін емес, бірақ әркім өзінің әдет-дағдыларын, санасын
өзгерте алады», – деп бекер айтпаған (Фишер Мэри Пат. Живые рели-
гии. – М.: Республика, 1997. – 95-бет).
Джайнизм бойынша: адамның негізгі мақсаты – басқаларды немесе
барлық әлемді жеңу емес. Нағыз жеңіс – ол өз-өзіңді жеңу. Ол үшін
төмендегі қағидаларды бұлжытпай орындау керек:
– сатья – қаншалықты қиын болса да, әрқашан шындықты айту.
– апариграха –материалдық игіліктерге немқұрайдылық, яғни
оған құштар болмау, пайдакүнемдікті ойламау.
– ахимса – ешбір жаны бар тіршілік иесіне зиян келтірмеу
(зорлық-зомбылық көрсетпеу).
Еске сала кетейік: XX ғасырда Махатма Ганди нақ осы зорлық-
зомбылық көрсетпеу қағидасына (ахимсаға) сүйене отырып, үнді
халқын бостандыққа жеткізді.
ә) бұдда діні. Бұл – әлемдік дін деңгейіне көтерілген философиялық
ілім. Негізін салушы – Гаутама Сидхартха (б.з.д. 563-483 жж.). Елу
жасқа жеткенге дейін шындық іздеп, «Бұдда» (көзі ашық, дана) ата-
нып, өз мектебін құрған.
Достарыңызбен бөлісу: