мүдделерінің бүкіл адамзаттың стратегиялық мүдделеріне қарама-
қайшы келетініне назар аударған жөн. Мысалы, Бразилия экваторлық
ылғалды орман ағаштарын кесіп, босаған алаңдарға кофе плантация-
ларын кең жайып отыр. Бұл оның ұлттық мүдделері талаптарына сай
жүргізілген. Бірақ экватордағы ылғалды орман, Сібір тайгасы сияқты,
оттегінің әлеуетті генераторы болып табылады. Бүгінгі күні Каспийдің
мұнай қорлары игеріліп жатыр, оның биологиялық байлығы 500 млрд.
долларға бағаланады. Саясаткерлердің жұбатпа сөздеріне қарамастан,
итбалықтардың жаппай қырылып жатқанынан, балықтардың құнды
түрлерінің күрт азаюынан-ақ көп нәрсені аңғаруға болады.
Соңғы онжылдықтар барысында бірқатар дүниежүзілік конферен-
циялар (Рио-де-Жанейро, Киото, Буенос-Айрес) өтіп, осы мәселелер
талқыланды, ақылға қонымды шешімдер қабылданды, бірақ кейбір
мемлекеттердің мүдделеріне қайшы келгендіктен, ол шешімдер толық
көлемде орындалмай отыр.
Адамзаттың экологиялық мәселелерін шешудің жолдары қандай?
Сциентизм мен антисциентизм ұсынатын шаралар біржақты болып та-
былады. Шындық ортада тұрып қалғандай. Қазіргі заманғы дамыған
елдердің тәжірибесі тығырықтан шығаратын жол – ол осы замандағы
энергия үнемдеуші және экологиялық таза технологиялар екенін
көрсетіп отыр. Бірақ біз олардың «дамушы елдерге көмек» жалауымен
сол елдерде өндірістің лас салаларын орналастырып жатқанын және
бүкіл адамзаттың сау өмір сүруі үшін, қалған әлемдік қауымдастықпен
өздерінің жетілген технологияларын бөліспейтінін ұмытпауға тиіспіз.
408
Неге? Онда олар жоғары технологиялардың негізінде өндіріліп жатқан
сапалы тауарларынан түсетін шексіз пайдаларынан айырылып қалады.
Батыс елдерінің азғындыққа апарып соқтыратын ықпалы туралы
да ерекше атап айтқан жөн. Олар бұқаралық мәдениет, тәндік-сезімдік
бағдар арқылы дамушы елдерді жайлап барады. Қатаң бәсекелестік
жағдайында, әлемнің азайып бара жатқан байлықтарын бөлу үшін
күрес жолында ғаламдық мәселелерді шешу мүмкін емес. Керісінше,
олар тереңдеп барады. Ол мәселелерді рухани-адамгершілік жаңару
арқылы ғана шешуге болады.
Бұл тұрғыда қазақ халқының қалған әлемдік қауымдастықпен
бөлісе алатын тәжірибесі бар. Қазақтардың санасында қанағат, яғни
аз нәрсені қанағат тұту, сондай-ақ жалаң ие болу емес, «осы өмірде
болудың өзі» сияқты өмірлік бағдар үлкен орын алады. Рухани-
адамгершілік құндылықтарға негізделген жаңа өмірлік бағдарға
көшу – адамзатты экологиялық апат болуы мүмкіндігінен құтқарады.
Бұл адамның басты қажеттіліктері қанағаттандырылуға тиіс дегенді
білдіреді. Негізгі қажеттіліктер – таза суға, толыққанды тамақтануға,
ласталмаған топырақ пен ауаға, жақсы білім мен денсаулық сақтауға,
мәдениет пен спортқа деген және т.б. қажеттіліктер. Ал қоғамның
қалған байлығы тым қымбат көліктерге, «жаңа адамдардың» («жаңа
орыстар» (нувориш), «жаңа қазақтар» деген сияқты) әртүрлі сәнді
қажеттіліктеріне емес, қоршаған ортаны қорғауға, оны игілікке
жаратуға бағытталуға тиіс.
Адамзаттың рухани-адамгершілік тұрғыда пісіп-жетілуі – ұзақ
үдеріс, бұл жолда адамзат әлі күнге дейін қабілеті төмен оқушы бо-
лып қалып отыр. Сондықтан сапалы түрде әзірленген экологиялық
заңдар қажет. Табиғатты аялайтын да, бүлдіретін де – адам. Адамның
жоғары экологиялық санасы болуы керек. Жаңа, экологиялық таза
технологиялардың жасалуына сіздің де күш-жігер жұмсайтыныңызға,
табиғатқа рақымсыз қарамайтыныңызға сенгіміз келеді.
Үшінші ғаламдық мәселе – ол демографиялық мәселе. Егер соңғы
мыңжылдықта жер шары халқының саны 15 есе өссе, – оның үстіне,
алғаш рет халық 700 жыл ішінде екі есе өссе, соңғы рет 40 жыл
ішінде сондай өсті (егер 1956 жылы халық саны 2,8 млрд. болса, ал
2004 жылы 6,3 милиардқа жетті). Бұлай өсудің 9/10-ын дамушы елдер
қамтамасыз етіп отыр. Дамыған елдерде дүниеге келетін сәбилер саны
күрт төмендеп, сонымен бір мезгілде ересек, зейнетақы жасына жет-
кендер саны өскен. Бұл елдерде халықтың бұрынғы санын сақтап қалу
мәселесі күн тәртібінде тұр.
409
Демографтардың болжамдары бойынша, болашақта Үндістан
халқының саны Қытай халқынан асып кетеді, ал Африка континентінде
халық саны 1,5 млрд. адамға жетуі мүмкін. Өндіргіш күштердің
жетілмеуі, халықтың білім алу, мәдениет деңгейінің төмендігі бала
тууға шектеу қойылмайтын ескі өмір салтының сақталуына себеп бо-
лып отыр. Алайда Қытайдың бала тууды шектеудегі жиырма жылдық
табысты тәжірибесін, мүмкін, жақын жылдарда басқа да көптеген да-
мушы елдер қабылдап қалар.
Қазақстанға келсек, онда бұл жерде орасан үлкен өлкені (жер
аумағы бойынша еліміз ірі елдердің ондығына енген) қалыпты иге-
ру үшін, халық санын көбейту мәселесі өткір болып тұр. Біздің ойы-
мызша, елдің әлеуетін нығайту шамасына қарай, халық санының
өсуіне серпін беру үшін, үкімет демографиялық саясатқа көбірек көңіл
бөлетін болады.
Жаһандану «солтүстік пен Оңтүстік» деп аталатын мәселені
туғызды. «Солтүстік» деп материалдық тұрғыда рақатқа бату-
шы, негізінен, экватордан жоғары жатқан постиндустриалдық ел-
дерде болатын «алтын миллиард» түсінілсе керек. «Оңтүстік» деп,
негізінен, өндіргіш күштерінің даму деңгейі төмен, бір миллиардқа
жуақ адам тақыр кедейшіліктен көз ашпай отырған, жаңадан дамып
келе жатқан елдер аталады. Бұл – халықаралық шиеленіспен қатар,
дамыған және дамушы елдер арасында елеулі қарама-қайшылық ту-
дырады. Бүгінгі күні дамушы елдердің дамыған елдерге 1 трлн. дол-
лардан астам қарызы бар. Оның үстіне, олардың көпшілігінің үстеме
пайыздарды өтейтін қауқары жоқ. Аталған мемлекеттердің өмір
деңгейінің айырмашылығы азаюдың орнына, керісінше, жыл өткен
сайын ұлғайып барады. Дүниежүзілік қауымдастық тым кедей елдер-
ге көмек көрсету мақсатында жылына 50 млрд. долларға жуық ақша
бөлсе, сол уақытта АҚШ Ирактағы соғысқа жүз миллиардтаған доллар
шығын шығарады. Халықаралық терроризмнің әлеуметтік тамырлары,
міне, Батыста насихатталғандай, исламда емес, қайда жатқанын енді
түсінген шығармыз.
Енді бүгінгі күні дамушы елдердің қарыздарын есептен шығарып
тастау арқылы және халықаралық саясаттағы жаңа апаттардың жо-
лын кесу мақсатында ұлттық экономикаларды реттеу үшін тиімді
экономикалық көмек беру арқылы жаңа экономикалық тәртіп орната-
тын кез келді.
Ғаламдық сипат алған келесі мәселе – әлем халықтарының білім
әлеуетін көтеру. Онсыз жаңа технологияларды игеру мүмкін емес.
410
Тіпті егер адам оқи және жаза білсе де, ол «қызмет тұрғысынан са-
уатсыз» болуы мүмкін, яғни компьютерлік бағдарламаларды білмейді
және қазіргі заман ағымына сай құрылған кәсіпорындарда жұмыс істей
алмайды.
Халықтың денсаулығын сақтау да адамзаттың ғаламдық
мәселесіне айналып отыр. Осы заманның ғылымы техникалық жетілу,
қоршаған ортаның ластануы және халық денсаулығының нашарла-
уы арасындағы өзара байланысты анықтап отыр. Бұл тұжырымның
дәлелі ретінде «өркениет аурулары» деп аталатын: қатерлі ісік, жүрек-
қан тамырлары ауруларын, бүйрек пен бауыр ауруларын, СПИД және
басқаларын атауға болады. Егер дамыған елдерде тамақты артық жеу,
семіздік, аз қозғалу, араққұмарлық пен шылым шегу үлкен мәселе
болса, ал дамушы елдердің қиын мәселесіне азық-түлік сапасының
төмендігі, таза ауызсудың аздығы, «әлеуметтік аурулар» деген ат
алған туберкулез, трахома (жұқпалы көз ауруы), безгек және т.б. ау-
рулар жатады. Жаһандану миллиондаған адамның бір континенттен
екіншісіне көшуіне жеткізсе, ал бұл жұқпалы аурулардың таралуына
себеп болады.
Адамзаттың ғаламдық мәселелерін шешу жолдарын зерттеу-
де, негізінен, екі: технооптимистік (болашақ керемет дейтін) және
Достарыңызбен бөлісу: |