ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет412/440
Дата07.01.2022
өлшемі2,22 Mb.
#17066
1   ...   408   409   410   411   412   413   414   415   ...   440
технопессимистік (болашақ қасіретті дейтін) бағыт қалыптасқан.

Технооптимистік  идеялар  өз  шыңына  XX  ғасырдың  60  жылдары 

шықты.  Сол  уақытта  өндірісте  ғылыми-техникалық  революцияның 

жетістіктері кең пайдаланыла бастады. Дж.Гелбрайт, Р.Арон және басқа 

ғалымдар ғылым мен техниканың дамуы бұқара халыққа қажетті та-

уарлар мен қызметтердің нарығын тудыратынын және болашақта жер 

бетіндегі барлық халықтарға бақытты да ауқатты өмір әкелетінін айта 

бастады.  80  жылдары  Д.Бэлл,  Ж.Фурастье,  А.Тофлер  және  басқалары 

ғылымның  қоғамдағы  тікелей  өндіргіш  күштерге  айналғанына, 

ал  болашақта  оның  адамзаттың  барлық  жинақталған  мәселелерін 

шешетініне сендірді.

Бірақ  көп  ұзамай,  ғылыми-техникалық  революцияның  (ҒТР) 

көлеңкелі  тұстары  да  айқындала  бастады.  Экологиялық  тоқырау 

бірқатар елдерді тұралатты, табиғи ресурстардың шектеулі екені белгілі 

болды,  дамыған  және  дамушы  елдер  арасындағы  қайшылық  өрши  

бастады. Осы жағдайлардың барлығы технопессимистік көзқарастарды 

тудырмай қоймады.

Технопессимизм 

(Г.Маркузе, 

К.Лоренц, 

Д.Гудмен 

және 


басқалары)  осы  заман  қоғамының  адамдарды  техниканың  құлдарына 


411

айналдырғанына  сендіреді.  К.Лоренц  ҒТР  миллиондаған  адамды 

мыңжылдықтар  бойы  өмір  сүрген  табиғат  аясынан  жұлып  алып,  «аң 

тұмсығы  өтпейтін  тас  ормандарға»  лақтырып  тастағанын  айтады.  Ірі 

қалалардағы  тар  пәтерлерде  зерігумен  өмір  сүріп,  адамдар  жылдар 

бойы табиғат аясына шыға алмайды.

Автоматтар адамдарды ауыр дене еңбегінен құтқарғанмен, олардың 

жүйке  жүйесіне  күш  түсірді,  соның  кесірінен  адамдар  әртүрлі  дәрі-

дәрмектер  пайдалануға  мәжбүр  болады.  Материалдық  қиындықсыз 

өмір  адамды  күшті  сезімдерден  айырып,  зерігуге  жеткізеді. 

Нәтижесінде,  адам  есірткіге  әуестене  бастайды...  Технопессимистер 

тұтынудың  тәндік-сезімдік  бағдарынан  бас  тартуға  және  жаңа  өмір 

бағдарламасын құруға үндейді.

Батыстың ірі ғалымдары 1968 жылы «Рим клубын» құрып, қазіргі 

заманның ғаламдық мәселелерін зерттей бастады. 1972 жылы әлемдік 

қоғамдық  пікірге  «жарылған  бомбадай»  әсер  еткен  «Жетілудің  шегі» 

(«The  Limit  of  Growth»)  деп  аталатын  елеулі  еңбек  дүниеге  келді. 

Кітаптың  негізгі  идеясы  –  жер  байлықтарының  шектеулілігі,  жаңа 

өндірістерді құруды тежеу қажеттігі, олай болмаса климаттың өзгеріп, 

экологиялық  апаттың  орын  алатыны.  А.Печчеи  адамзатқа  бүгінгі 

таңда  жетпейтіні  материалдық  игіліктер  емес,  руханилық,  әсіресе 

адамшылық екенін айтқан-ды. Орыс ойшылы Н.Моисеев XX ғасырдың 

адамзатқа ескерту жасағанын баса көрсеткен-ді.

Егер  XXI  ғасырда  адамзат  оған  құлақ  аспаса,  онда  жер 

бетіндегілерді, мүмкін, құрып кету қаупі күтіп тұрған шығар. 

Ондай  алаңдаушылықтарды  туғызатын  себептер  жеткілікті. 

Ағылшын публицисі, лорд Г.К.Честертон айтқандай, «адамды байлық 

аздырады». Өкінішке қарай, материалдық игіліктердің артуы әрдайым 

рухани  игіліктің  де  артуына  жеткізе  бермейді.  Көп  жағдайларда  ол 

рухани-адамгершілік  тұрғыда  құлдырауға  әкеліп  соқтырады.  Бүгінгі 

күні ол болып та жатыр.

Адамзат бұл қарама-қайшылықты шеше алар ма екен? Оны болашақ 

көрсетер.



412



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   408   409   410   411   412   413   414   415   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет