ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет125/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   382
Байланысты:
Философия

«адамның ақыл-
парасаты туралы жаңа тәжірибелер», «монадология», «теодицея», 
«метафизика туралы ой-толғаулар».
Онтологиялық ой-пікірлерінде
ол жаңа көзқарастарды, жаңа 
әдістерді іздейді, өйткені оның алдындағы философтардың идеялары 
оны қанағаттандырмады. Р.Декарттың екі түпнегізі әлемді қақ бөлді, 
ал оларды біріктіру үшін, ол Құдай идеясына келуге мәжбүр болды; 
ал Б.Спиноза бір түпнегізді ғана мойындаса да, оның: ұзындық және 
ойлау деген екі қисыны бұрынғыша бір-біріне байланыссыз, тәуелсіз 
қалып отыр. Олардың екеуі де дүниенің шексіз түрленуінің себебін 
аша алмады.


139
Г.Лейбництің ойы бойынша, бір түпнегізден қайталанбайтын 
заттардың шексіз көп саны пайда бола алмайды. Демек, сапалы, 
көпқырлы түпнегіз табу керек. 
болмыстың терең
негіздемелерінің 
өздері 
көпсапалы
болып шығуға тиіс. Сол себепті әлемнің 
негіздемесінде әртүрлі сапалардағы түпнегіздердің шексіз көп саны 
болуға тиіс. Өйткені әлем – ол бейберекеттік емес, бұл түпнегіздер де 
белгілі бір тәртіпке келтірілуге тиіс. Осындай ой желісі Г.Лейбницті 
өте ұсақ, өзіндік жеткілікті, ішкі күштерге толы монадаларды – 
жалғыздарды
(грекше monos – жалғыз) мойындауға келтірді.
Монадалардың өте ұсақ дене бөлшектері емес екенін айтқан жөн, 
әйтпесе олар Демокриттің атомдарына ұқсап кетер еді. Олар кеңістікте 
ешқандай орын алмайды. Монадалар әрекет етеді, яғни олар көреді не-
месе қабылдайды, екіншіден, мақсаты бар.
Олар – 
рухы мен жаны бар, тәнсіз құрылымдар,
сапалы нүктелер, 
әрқайсысы өзінше даму сатысында тұр. Олардың ортақтығы – олардың 
мәңгілігі және бөлінбестігі. Шамасы, монадалар идеясы ойшылдың ба-
сына ол Левенгук микроскопы арқылы микроорганизмдерді көргенде 
сезінген әсерінен кейін келген-ау.
Монадалардың тіршілік күші мол, олар өне бойы өзгерісте болады, 
жетіледі және осы жолда олар материалдық физикалық үдерістерді 
туғызып жатады.
Әрбір жеке монада – өзінше құпия Ғалам. Оларда терезе жоқ, сол 
себепті олардың әлеміне ештеңе кіре де, шыға да алмайды, демек, олар 
бір-біріне ықпал ете алмайды. Олардың әрқайсысы өздігінен жетілген 
және өз-өзін шектейді. 
Ал енді осы жерде өзгеше қиын сұрақ туады: егер монадалар бір-
бірлеріне ықпал етпесе, онда неге Әлем бейберекеттікке (хаос) ай-
налып кетпейді? Себебі, монадалар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет