ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет126/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   382
Байланысты:
Философия

алдын ала белгіленіп қойған 
үйлесім
негізінде өмір сүреді. Сондықтан, ойшылдың мәлімдеуінше, 
біз ықтимал әлемдердің ішіндегі ең жақсысында өмір сүріп жатырмыз. 
Осындай ой желісі оны 
Құдай шындығы – теодицейге
(грекше teos – 
Құдай, dike – шындық) келтіреді.
Монадалардың ішкі дамуын көрнекі түрде көрсету үшін, Г.Лейбниц 
оларды адамның жанымен салыстырады. Сезіну, қабылдау, аңғару, 
ойлау, сана-сезім – осылардың барлығы адамның рухани жетілуінің 
кезеңдері. Монадалар да өздерінің даму кезеңдерінде осындай саты-
лардан өтеді.
Ең төменгі монадалар тастарды, тауларды, шөп және басқаларын 
құрайды, олардың рухани жетілуі тым төмен, олар тіпті «түс көрмей 
ұйықтайтын» сияқты.


140
Жоғарырақ тұрған монадалардың сезім-түйсіктері бар, олар 
аңғарымды. Олардың жетілген санасы жоқ, ал әрекеттері белгілі бір 
мақсатты көздемейді. Оларға жан-жануарлар жатады.
Адам жанының монадалары олардың даму кезеңінде үшінші саты-
ны құрайды. Олардың зердесі, санасы мен ой-түйсігі бар.
Төменгі сатылардағы монадалар жоғарғы сатыға ұмтылады, ал 
жоғарғылардың бойында төменгілер сақталған. Солай болған соң: «Ең 
жоғарғы монадалар қандай болуы мүмкін? Олар адам монадалары-
нан қаншалықты қашық?» – деген сұрақ туады. Қазіргі заман тілімен 
біз: «Ғарышта адамдардан жоғары тұратын тіршілік иелері бар ма?» – 
деп сұрар едік. Ғұламаның ойынша, бұл сұраққа жауап беру мүмкін 
емес, өйткені жоғарғы монадалар төмен тұрған монадаларға мәлім 
емес. Бірақ ғарышта адам монадаларынан жоғары тұратын монада-
лар болуы мүмкін деген жорамал жасауға неге болмайды? Олардың 
дамуы мәңгілік емес пе? Ал егер шексіздіктің өзін шектеп, шар деп 
қарастырсақ, онда біз 
монадалардың монадасы
болып табылатын 
Құдай
идеясына келіп тірелеміз.
Осы аталып өткен идеялардың негізінде Г.Лейбниц қоғамды 
біртіндеп жетілдіре беру идеясына келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет