ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет18/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   382
Байланысты:
Философия

адамды сүю, 
жақсылық, әсемдік, әділеттілік, еркіндік және теңдік
және т.б. 
негізінде біріккен.
Гуманитарлық танымда 
көркемдік таным
, өнер оқшау тұр. Ол 
әдебиетті, поэзияны, көркемсуретті, мүсін өнерін, музыканы және т.б. 
қамтиды. Ғұлама А.С.Пушкин кезінде өнерге «бізді көкке көтеретін ал-
дау» деген анықтама берген, өйткені сахнада өтіп жатқан әрекет нақты 
өмірде көбінесе бола бермейді, бұл жерде жақсылық пен жамандық, 
сұлулық пен сұрықсыздық араласып жатады. Бір кездері Г.Гегель 
айтқандай, өмір, негізінен, сұр бояулармен жазылған. Алайда өнерге 
жанасу біздің жарқын, шуақты сезімдерімізді оятады, біз катарсисті – 
іштен тазаруды сезінеміз, жамандыққа қарсы иммунитет тудырамыз, 
эмпатияға – ортақ күйзелуге қабілетті бола бастаймыз.
Қоғамның рухани-адамгершілік тұрғысында тазаруында бүгінгі 
күні 
діндердің
, демек, 
дінтану
деген ғылыми пәннің рөлі өзгеше 
көтеріліп тұр. 


26
Үшінші топқа 
техникалық
деп аталатын 
ғылымдар
жатады. 
Гректің «техне» дегені бастапқыда өнерлілік, шеберлік мағынасында 
қолданылатын. Қазіргі заманға сай мағынасында 
техника
деп қоғамда 
қолданылатын 
әртүрлі құралдарды
түсінеміз. Ф.Энгельсті есімізге 
түсірейік: адамзат өзінің дүниеге келгені үшін еңбек құралдарының 
дайындалуына және олардың жүйелі түрде пайдаланылуына қарыздар.
Қазіргі уақытта компьютерлік техниканың өркендеуі қажетті 
ақпаратты жылдам таңдауды, оны жүйелеуді, топтарға бөлуді іске 
асыруға мүмкіндік беріп отыр, ал бұл, өз кезегінде, өндірістегі 
өзгерістерге жедел дайын болу, тиісті шешімдерді шапшаң қабылдау 
және оларды өндірісте іске асыру сияқты әрекеттерге жағдай туғызады.
Сөйтіп, жаратылыстанудың, техникалық ғылымдардың және 
әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің эпистемологиялық (танымдық) 
мәртебесінің әртүрлі: нысандық, технологиялық, түрлендіруші 
(өзгертуші) және аксиологиялық (құндылықтардан тұратын) тармақтары 
бар болып шықты. Бұрынғы Кеңес Одағының ғалымы, ғылым мен 
жүйелі зерттеулер әдістемесі саласының маманы Э.Г.Юдиннің (1930-
1976) жаратылыстануды – қызмет (өзекті де, әлеуетті де) шарттары-
мен, техника ғылымдарын – қызмет құралдарымен, ал әлеуметтік-
гуманитарлық ғылымдарды әлеуметтік қызметтің ықпалдасуына 
мүдделі әртүрлі әлеуметтік топтардың құндылықтарымен сәйкестікке 
келтіріп, арақатынастарын белгілеуді ұсынғаны кездейсоқтық емес.
Сонымен, өз мәні бойынша әлемді танып білу – адам өзінің 
жаны мен тәнінің барлық мүмкіншіліктерін пайдалануға тырыса-
тын өзгеше күрделі құбылыс. Нақты-тарихи өмір сүретін қоғамның 
құндылықтары, солардың негізінде құрылатын қоғамдық қатынастар, 
өндірістік күштер дамуының қол жеткен деңгейі және басқалары 
таным үдерісінде өздерінің белгілі бір орнын иеленеді. Ғылымға 
келер болсақ, ол: а) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет