ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет202/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   382
Байланысты:
Философия

эстетикалық 
пайыммен қарау және моральдық жетілуден
өтуге тиіс.
Эстетикалық пайыммен қарауға қатысты айтар болсақ, И.Канттың 
артынан ол пайымның риясыз сипатын мойындайды, өйткені онда 
өз-өзін сүю және қандай да бір пайдакүнемдік жоқ. Өнер адамды өз-
өзін сүюге ұмтылудан пайда болған күйзелістерден азат ете отырып, 
оның жанына тыныштық береді. Оның пікірінше, мүсін өнері мен 
көркемсурет кеңістікте өмір сүрсе, ал поэзия мен музыка уақытта өмір 
сүреді. Өнердің қай түрі болса да, Әлемдік ерікті өзінше білдіреді
бірақ бәрінен тереңірек музыка ұғындырады, өйткені онда музыканы 
шығарушы, орындаушы және тыңдаушы арасындағы айырмашылық 
барынша азайған. Өзінің ең жоғарғы көріністерінде музыка Әлемдік 
ерікті біздің санамызға дейін жеткізеді, ал оны ұтымды жолмен беру 
мүмкін емес. Шопенгауэрдің бұл көзқарастары Шеллинг көзқарасымен 


225
астасып жатыр, өйткені ол да симфониялық музыка Даралыққа 
жеткізетін жол ашады деп санайды. Шопенгауэр әлемнің қасіретін, 
адамның күйзелістерін толық ашып көрсететін қайғылы музыка, атап 
айтқанда, реквием екеніне сендіреді.
Екінші сатыда адам моральдық жетілу жолына түсуге тиіс, бірақ ол 
үшін өзінің өмірге деген ерік-жігерін жоюы керек. Осы мақсатта Шо-
пенгауэр: 
«Қалағаныңның бәрінен бас тарт және қаламайтыныңды 
істе»
деген үзілді-кесілді тұжырымын алға тартты. Бір қарағанда, бұл 
ақылға қонымсыз сандырақ болып көрінеді. Бірақ қорытынды жасауға 
асықпайық, өйткені оның талабының мәні – адамды өзін еліктіретін
тартатын нәрселерден айыру. Бірақ ол үшін адам өз жан дүниесінде 
өзін жақсы көру, басқалардың қасіреттерін бөлісіп, жанашырлықпен 
қарау сезімін тұншықтырып, тақуалық өмір салтын ұстану жолына 
түсуі керек. Ойшылдың бұл идеясының ертедегі үнділіктердің «нир-
вана» және гректердің «атараксия» ғұрыптарына жақын екенін аңғару 
қиын емес. 
Әрине, Шопенгауэрдің «ғаламдық пессимизмімен» және оның 
философиясының негізін құрайтын ережелерімен толық және сөзсіз 
келісуге болмайды. Шындығында, егер Әлем санадан шықпайтын 
Әлемдік еріктің туындысы болса, онда неге Ғаламда әлдебір тәртіп, 
үйлесім, заңдылықтар бар? Әлемдік ерікке байланысты, адамды 
әлемдік мұхитқа тамған бір тамшымен салыстыруға болады. Бірақ бір 
тамшы қалайша тұтас мұхиттың суын шашып жібере алады? Осыған 
ұқсас сұрақтар ойшылдың бастапқы ұстанымдарының осалдығын 
көрсетеді.
Рас, әлем қарама-қайшылықтардан өрілген және ол қайшылықтар 
адамның жүрегі арқылы өтеді. Адам өзінің тым қысқа өмірінде 
қайырымды істер істейді, бірақ кейде жамандық тұзағына да түсіп 
қалады. Көпшілік жағдайларда, өкінішке қарай, өмірінде ол бақытты 
сәттерден гөрі, күйзелістерді басынан көбірек өткереді. Бірақ осыған 
бола, Шопенгауэр ұсынғандай, өмірден бас тартуға бола ма? Әлбетте, 
жоқ. Әрбір саналы ойлайтын адам өмірдің адамға берілген баға жетпес 
сый екенін түсінеді.
Шопенгауэрдің пікірінше, таным екі формада болады:
• тікелей, түйсіктік (ақыл-ес танымы);
• дерексіз, рефлекстік (парасат-пайым танымы).
Түйсік танымын ол басты деп санайды, ал рефлекстік таным соның 
үстінде жатыр. Ғылымды ол ерікке қызмет ететін іс-әрекет деп қана 


226
қарайды. Ғылымның мақсаты – еріктің іс жүзіндегі нақты мүдделерін 
қанағаттандыру.
Ерік Шопенгауэрдің бар философиясының шеткі бұрышын тіреп 
тұрған тас ретінде болғандықтан, ол волюнтаризм деп дұрыс аталған. 
Шамасы, ол еріктің рөлін асыра бағалап, өзін зорлық-зомбылық 
көрсететін полицейлер мемлекетін жақтаушы етіп жариялаған.
Шопенгауэрдің пессимистік философиясы оның көзі тірісінде 
табысқа жете қоймады, бірақ XIX ғасырдың екінші жартысында ол 
философиялық өмір қалыптастырудың қайнар көзі болды. Сол уақытта 
пессимизм мен скептицизм философиялық сәнге ұласып, ал Шопенга-
уэр иррационализмге, интуитивизм мен прагматизмге жол салушыға, 
әрі ой әміршісіне айналды.
Иррационализмнің негізін қалаушылардың бірі, дат философы және 
теологы, сол заманғы экзистенциализмнің алдыңғы буыны, ізашары 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет