ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет224/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   382
эмпириокритицизм
немесе тәжірибені сыни зерттеу пайда болды. 
«Бірінші» позитивизмнен айырмашылығы – екінші кезеңнің басты ны-
санасы ғылыми тұрғыда ойлаудың өзі және білім құру механизмдері 
болды. Оның пайда болуы кездейсоқтық емес еді. Нақ осы уақытта 


249
адам даналығының көзге көрінбейтін микроәлемге (электронның, 
радиоактивтік сәулелердің және т.б. ашылуы) енуі орын алды. 
Олардың табиғатына физиканың ескі механистік қағидалары жолдары-
мен жету мүмкін болмады. Жаратылысты зерттеушілерді электронның 
тыныштық жиыны болмайтыны таңдандырды. Бұл француз математигі 
А.Пуанкаренің: «Олай болса, материя жоғалды», – деп мәлімдеуіне се-
беп болды. А.Эйнштейннің салыстырмалылық теориясының негізгі 
қағидаларына қалай жетуге болады? Осы және басқа сұрақтарға 
Эрнст 
мах
пен 
Рихард авенариус
жауап беруге әрекеттенді.
Махтың ойынша, таным үдерісі сезінулерден басталады және 
сондықтан білімнің барлық құрамы «сезімдік тәжірибеге» келтірілуге 
тиіс және келтірілуі мүмкін. Таным үдерісінде ещқандай «секіріс» 
болмауға тиіс (оған «бірінші позитивизмнің» өзі жариялаған «тәжі-
рибенің үздіксіздігі ұстанымымен» байланысты «ойлау экономия-
сының заңы» тыйым салған).
Мах пен Авенариус жаратылыстанудағы 
«тәжірибе»
түсінігін 
қайта қарау жолдарында пайда болған қиындықтарды жеңуге бел 
буды. Олардың ойынша, тәжірибе түсінігі қайтадан қаралып қана 
қоймай, сонымен қатар метафизикалық табиғаты бардың бәрінен де 
тазартылуға тиіс. Тәжірибе физикалық және психикалық элементтер-
ден тұрады. Егер біріншілері сыртқы тәжірибенің мазмұнын көрсетсе, 
ал екіншілері ішкі тәжірибенің мазмұнын көрсетеді. Олай болса, олар 
бір-бірімен ажырамастай байланысқан. Демек, 
субъектісіз объект 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет