ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет227/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   382
Байланысты:
Философия

людвиг фон Витген
-
штейн
(1889-1951). Ойшылдың «Логикалық-философиялық трактат» 
атты еңбегінің негізіне «барлық тілдердің ортақ логикалық формасы 
бар, одан өзге, ол – әлемге де ортақ форма» деген сенім алынған. Іс 
жүзінде бұл ортақ форма сөйлемдерге бірдеңе «айтуға» мүмкіндік те 
береді. Сөйлемнің айтқаны – оның 
әлемнің қисынды суретін салғаны 
болып табылады. Сөйлемді әлемнің суреттері деп түсінудің өзі – 
көрсету
мен 
айтудың
арасын ажыратуға келтіреді. Сөйлемдер әлемнің 
суретін береді, бірақ олар өз-өздерінің суреттерін беруге қабілетсіз. 
Олар өздеріне де, әлемге де де ортақ форманы көрсетеді, бірақ айта 
алмайды. Сөйлемдердің өздерінің қисынды формасын ғана көрсете 
алатын себебі – оны айтуға мәжбүрлеу әрекеті тілді мағына шека-
расынан асырып жібереді. Витгенштейннің: «Менің тілімнің шека-
расы менің әлемімнің шекарасын құрайды», – дегені бүгінгі күні де 
өзектілігін жойған жоқ, өйткені кез келген тіл сол тілдің иесі болып 
табылатын халықтың әлемді сезінуі, әлемді қабылдауы және әлемді 
танып білуінің негізінде жатыр. Қазір ол «халықтың ділі» деп атала-
ды. Л.Витгенштейннің негізгі идеясы – ғылыми ізденістерімізде және 
күнделікті өмірімізде сөздерді құнттап, мұқият зерделеп пайдалану 
керек, әйтпесе адам дерексіз ұғымдардың, алуан түрлі қиялдардың 
тұтқынына түсіп қалуы мүмкін.
сараптамалық
(аналитикалық) 
философия
да таным теориясының 
ары қарай дамуына өз үлесін қосты. Философиялық мәселелерді шешу 
үшін, оның жолын қуушылар тілді логикалық және лингвистикалық 
талдау әдістерін кең қолданды. 


252
Сараптамалық философияның бастапқы мәселелері мен түсініктері 
неміс философы Готлоб Фрегенің 
«Мән мен мағына»
(1892) мақаласында 
баяндалған.
г.Фреге
(1848-1925) логика құралдары арқылы математика-
ны, әсіресе әртүрлі тосын пікірлер мен қарама-қайшылықтарға 
толы математикалық дәлелдеулерді жетілдіруге ұмтылған көптеген 
зерттеушілердің бірі болды. Ал ол үшін, оның ойынша, логиканың 
өзін айтарлықтай жетілдіру, кемшіліктері көп табиғи тілді лайықты ау-
ыстыра алатын, бір түрге келтірілген тіл жасау керек.
Бірақ Фреге сараптамалық философияның негізгі идеясын ғана 
белгілеп берді, ал нақты іске асуы Англияда (Кембридж) орын алды. 
Оның негізін қалаушылар – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет