ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет274/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   382
Байланысты:
Философия

түсіндіру, болжау, тәжірибеде 
көрсету.
Кез келген теория – нысанның ойша берілген үлгісі, сол себепті 
адам оның маңызын терең түсіне де, түсіндіре де алады.
Жақсы әзірленген теория нысанның болашақ ахуалын болжауға, 
осы уақытқа дейін жасырын болып келген сапалары мен қасиеттерін 
ашуға көмектеседі.
Мысалы, Д.И.Менделеевтің «Химиялық элементтер жүйесі» 
құрылған соң, ғалымдар соған сүйене отырып, бірқатар жаңа 
элементтерді ашуға қол жеткізді.
Теория 
біздің 
танымдық 
қызығушылығымызды 
ғана 
қанағаттандырып қоймайды. Оның басты мақсаты – іс жүзіндегі 
әрқилы міндеттерді шешу. Мысалы, ғалымдар құрған ішкі ядролық 
үдерістер теориясы АЭС құрылысын салуға жеткізді.
заң
зерттелуші нысанның 
ішкі, қажетті, маңызды, қайталанба-
лы 
және 
тұрақты байланыстарын
білдіреді. Ғылымның әр саласы өз 
заңдарын ашуға, оларды бір-бірлерімен ұштастырып, теория деңгейіне 
көтеруге тырысады.
Сөйтіп, 
ғылымның негізгі
мақсаты – ол, біріншіден, 
жаңа 
білімдерді тудыру
және адамзат қажеттіліктерін қанағаттандыру 
мақсатында оларды іс жүзінде пайдалану, екіншіден, ғылымдардың 
жетістіктерін бірбүтінге біріктіріп, соның негізінде 
әлемнің ғылыми 
бейнесін (әғб)
құру. Осы негізде адамдардың дүниетанымы қалып-
тасады. Әлбетте, ғылымның дамуына орай ӘҒБ да өзгерістерге 
ұшырайды.
Ғылымға жақын 
техника
ұғымы (грекше – «techne») алдымен 
өнерлілік, шеберлік мағынасында қолданылды. Қазіргі заманға сай 
мағынасында 
техника
деп қоғамда қолданылатын 
әртүрлі құралдар
түсініледі. Ф.Энгельсті еске түсірейік: адам өзінің шығу тегі үшін 
еңбек құралдарының жасалуына және олардың жүйелі түрде пайдала-
нылуына қарыздар.
Кейінгі жылдары біз «техника» сөзіне қарағанда, «техноло-
гия» сөзін көбірек қолданатын болдық. Үйреншікті сана деңгейінде 
олар теңмағыналы ретінде қолданылады. Алайда олардың арасында 
айырмашылықтар да бар. Егер біз 
техникаға
әртүрлі материалдар-


312
дан жасалған барлық құралдарды жатқызсақ, онда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет