ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет277/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   382
Байланысты:
Философия

технопессимизмімен
бірге 
ан
-
тисциентизм
пайда болды. Оны жақтаушылар ғылымның адамзат иге-
ре алмайтын, бөтелкеден шығарылған жын екеніне сендірмек болады.
Олай болса, ары қарай не істеу керек? Мүмкін, табиғаттың бала-
сы болған, табиғатпен жарасымды өмір сүруді білген баяғы замандағы 
көшпенді ата-бабаларымыздікі дұрыс шығар? Бірақ олай ойлау – 
жастық шақтың романтизмі бұғауынан шықпау деген сөз. 
ғылым мен 
техниканың өркендеу үдерісін тоқтату мүмкін емес.
Тығырықтан 
шығудың жалғыз жолы – ол озық жетістіктерді өмір саласына енгізу 
барысында стратегиялық тұрғыда мүмкін болатын 
теріс зардаптарды 
егжей-тегжейлі сараптаудан
өткізу болмақ. Ал ол бүкіл жұртшылық 
білімінің, әсіресе 
гуманитарлық
дайындығының жоғары деңгейін 
қажет етеді.


314
Осыған байланысты атап өтуге тиістінің ең біріншісі – білімдер 
көлемінің шапшаң артуы. Егер біздің дәуіріміздегі білімдер санының 
еселенуі I ғасырдан бастап 1750 жылға дейін орын алса, ал кезекті ар-
туы 1750-1900 жылдары, ал XX ғасырдағы өркендеуі бар-жоғы 50 жыл 
ішінде болды. Бүгінгі күні Жердің метрлік ауқымдағы радио сәулелері 
Сатурн және Юпитер секілді планеталарды басып озып, ғарыштан 
бақылау жасауға мүмкіндік берген жетістіктерге жетті. Жазу-сызудың 
пайда болуы арқылы адамзат ақпараттар мен білімдерді берудің және 
сақтаудың тиімді құралына ие болды. Кейіннен адамның «сүйікті 
досы» – кітап пайда болды. Ал XX ғасырда радио, телефон, телевиде-
ние, интернет және т.с.с. электрондық құралдар ақпараттардың орасан 
үлкен көлемінің және олардың таралуының шапшаң өсуіне жеткізді. 
Дамыған елдерде бүгінгі таңда материалдық өндірісте халықтың бар-
жоғы 24-26%-ы қамтылса, ал рухани салада 36-38%-ы қамтылған. 
Ақпараттық қызмет көрсету экономиканың жалпы көлемінің жарты-
сынан көбін құрайды. Сөйтіп, ақпарат тауардың ең құнды түрлерінің 
біріне айналды. Оның бір ғажап ерекшелігі мынада: егер сіздің 100 
пар туфлиіңіз болып, нарықта соның жартысын сатсаңыз, сізде әлі 500 
пары қалады. Бірақ егер сіз 1000 бит (көлем өлшемі. – Аудармашы) 
ақпарат сатсаңыз, оған ақша аласыз, оның үстіне, сіздің қолыңызда осы 
1000 бит ақпаратыңыз тағы қалады. Олай болса, бүгінгі таңда алтын 
да, ақша да, табиғат байлықтары да негізгі капитал емес, ол – адамның 
қабілеттері, табиғи дарындары, оларды тұлғаның шығармашылық 
әлеуетін дамыту мақсатында жетілдіру. Ал ол үшін елдегі білім беруді 
сапалы жаңа деңгейге көтеру қажет.
Кез келген елде білім беру жүйесі 
екі нәрсені
қамтуға ұмтылады: 
біріншіден, өсіп келе жатқан ұрпаққа уақыт талабына сай келетін 
кәсіби білімдер беру, яғни әртүрлі салалар бойынша әлемде бар жаңа 
технологияларға үйрету, екіншіден, әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді 
оқыту арқылы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет