ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет321/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   317   318   319   320   321   322   323   324   ...   382
«идеялар әлемін»
енгізді. Шынайы әлем 
идеялардың ең бір жетілген әлемі болғандықтан, оның ешқандай 
материалдық қоспалары жоқ. Ал біздің әлеміміз идеялар әлемінің 
солғын көшірмесі ғана, өйткені 
Демиург – Құдай-ұста
идеялар 
әлемінің үлгілері бойынша инертті материядан табиғат заттарын 
қалыптастырады. Жаратылған нәрсе қашанда Жаратушы деңгейіне, ал 
көшірме тұпнұсқаға жете бермейді. Сөйтіп, 
екі әлем 
өмір сүретін бо-
лып шықты: дара, мәңгі, үйлесімге, әсемдікке, тәртіпке толы идеялар 
әлемі, сонымен бірге жетілмеген, өтпелі, қашанда әлдебір өзгерістер 
болып жататын, әлденелер жоғалып, бірдеңелер пайда болып жататын 
материалдық әлем...
Әлемнің платондық бейнесі ғылымның, бәрінен бұрын, филосо-
фияның кейінгі дамуына үлкен ықпал етті. Ойшылдың ұлылығы оның 
алғаш рет әлемдік философияда аса маңызды: 
түсініктер 
(идеялар) 
мен заттың өзінің толық сәйкеспейтіні
туралы мәселені көтергені 
болып табылады.
Шындығында, тарих алаңында әрекет ететін кез келген ғұламаға, 
ұлы адамға қарап, оның тұлғасын адам ұғымымен салыстырып 
көріңіз. К.Маркс: «Адамға тән нәрсенің барлығы да маған жат емес», – 
деп тектен-тек айтпаса керек. Алайда адам – ұғымның өзін түсінуге 
ұмтылып, өне бойы жетілумен болатын тірі тіршілік иесі, бірақ соған 
жетпеген соң, болмыссыздыққа кетеді. Оның қасіретті тағдыры осын-
да. Қашанда ол іске асырмаған, жетпеген бірдеңе қалады...
Антика дәуірінің данышпаны Аристотель Платонның оған қымбат 
екенін, бірақ шындықтың одан да қымбатырақ екенін айтып, оның екі 
әлемін қабылдамайды. Әлемнің бастапқы бастауы, түпнегізі – біздің 


363
алдымызда созылып жатқан нақты өмір. Алайда нақты өмірдегі заттың 
сыртқы жағы, оның көрінуі, ал оның ар жағында оның ішкі мәні бар. 
Үнділік ойшыл және ақын Р.Тагор айтқандай, бір немесе басқа затты 
оп-оңай түсінуге болады, бірақ оның ішкі мәнін түсіну ұзақ уақытты 
қажет етеді.
Бұл қарама-қайшылықты шешу үшін, Аристотель екі кітап жазады. 
Бірі – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   317   318   319   320   321   322   323   324   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет