ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет329/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   325   326   327   328   329   330   331   332   ...   382
Байланысты:
Философия

дара кеңістік
пен 
уақыттың
күні бітті, өйт-
кені әрбір материалдық жүйенің өз есептеу жүйесі бар болып шықты.


370
Екіншіден, Ньютонның 
қашықтан әсер ету
(ғарыш денелерінің 
бір-бірлеріне бір сәттік әсер етуі) қағидасына да күшті соққы 
берілді, өйткені әлемдер бар шекті табиғи тұрақты шама – жарықтың 
жылдамдығы қаншалықты жоғары болса да, бәрібір оның шегі бар.
А.Эйнштейннің ойынша, егер ғарышта қозғалатын дене жарықтың 
жылдамдығына жақындаса, онда оның кеңістіктік өлшемдерінің 
қысқаруы
, уақыттың 
баяулауы
, жиынның (масса) күрт 
өсуі
орын ала-
ды. Ғарыштық үдерістердің ағып өту жылдамдығы қашанда шектеулі 
болғандықтан, онда бір мезгілде болатын оқиғалар жоқ. Ғарыштағы 
әрбір жүйенің өз уақыт өлшемдері (есептеуі) бар. Мысалы, егер жас 
жігіт жерде жас әйелі мен бір жастағы сәбиін тастап, бір жылға жарық 
жылдамдығымен ғарышқа ұшқанын көз алдымызға елестетіп көрсек, 
онда жерге оралғанда, оны оның жасынан да үлкен ұлы қарсы ала-
ды. Әлбетте, бұл – теориялық қиял ғана. Аталған идеяны іс жүзіне 
асырмақ болсақ, ғарыш кемесінің жылдамдығы өскен сайын, ол 
біртіндеп жоғалатын нүктеге айналар еді.
А.Эйнштейн 
1916 ж. салыстырмалылықтың жалпы теория
-
сын
құрды. Ол жұлдыздар сияқты орасан үлкен ғарыш денелерінің 
өздерінің бүкіләлемдік тартылыс (гравитация) күшінің көмегімен 
қоршаған кеңістікті 
қисайтатынына
сендіреді. Сөйтіп, кеңістік 
пен уақыттың қасиеттері ғарыш денелерінің жиынына байланыс-
ты өзгеріп отырады. Осы көзқарас бойынша, 2000 жыл өмір сүрген 
белгілі Евклидов геометриясының постулаттары әлі күнге дейін 
біздің үй құрылысы, бау-бақшаны белгілеу және тағы басқадай іс-
тәжірибеміздегі қажеттіліктерімізді қамтамасыз ететін жер бетіндегі 
қарапайым кеңістік теориясы болып табылады.
Салыстырмалылықтың жалпы теорясына сәйкес, әлемде бар-жоғы 
екі: 
зат
және 
өріс
шындығы бар. Олардың арасында түбегейлі сапалық 
айырмашылық жоқ. Зат – ол өрістің ұйыған күйі. Олай болса, 
әлемді 
өрістің біртұтас теориясын
құру арқылы түсінгіміз келетін ниет пай-
да болады. Алайда ғылымда ондай теория әлі туған жоқ.
А.Эйнштейннің аталған идеялары Б.Риман мен Н.Лобачевскийдің 
геометрияларында математикалық негіздемеге ие болды. Б.Риманның 
пікірі бойынша, үшбұрыш бұрыштарының сала бетіндегі жиынтығы 
180 градустан асады және жүргізілген сызыққа басқа парал-
лель сызық жүргізуге болмайды, олар әрқашан түйісетін болады. 
Н.Лобачевский және Я.Больяй геометрияны «жалған сала», яғни ішке 
қарай майыстырылған геометрия деп зерттей отырып, кері нәтижені 
дәлелдеді. 


371
Сөйтіп, қазіргі заманғы жаратылыстанудың өркендеуі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   325   326   327   328   329   330   331   332   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет