ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет55/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   382
Байланысты:
Философия

теориялық ғылымдарға
, ал 
екіншісін 
практикалық
, яғни іс жүзіндегі ғылымдарға жатқызады.
Теориялық ғылымдарды, ғылымда қойылған мақсаттарына қарай, 
ол ары қарай саралайды. 
Диалектиканы
Аристотель 
аналитикаға
(кейіннен 
логика
деп аталған) және 
метафизикаға
(алдымен «алғашқы 
физика» деп аталған) бөледі. 
Физиканы
Аристотель, бір жағынан, 
табиғатты зерттейтін ғылым деп, ал, екінші жағынан, адам жаны 
туралы ілім – 
психология
деп қарастырады. Ары қарай табиғатты 
зерттейтін ғылым ретінде физика тағы да, негізінен, қозғалыстағы, 
жан-жағымен өзгеретін денелерге қатысты 
физикаға
және заттардың 
өзгермейтін тұрақты жақтарын зерттейтін 
математикаға
бөлінеді. 
Платоннан айырмашылығы, Аристотель математикаға ерекше на-
зар аудармағанмен, бірақ бұл жерде де ол математика нысандарының 
онтологиялық мәртебесін алғаш рет белгілеуі арқылы айтарлықтай із 
қалдырды. Оларға қарсы тұратын 
метафизика
заттардың: материя бо-


63
лып табылмайтын, әйтсе де олардың болмысын айқындайтын рухани 
негіздемелерін зерттейді. Оны 
теология
деп атауға болады.
Іс жүзіндегі философияны да Аристотель тиісті салаларға бөледі. 
Егер ол нақты бір адамның мінез-құлқын зерттейтін болса, онда 
эти
-
ка
болып табылады, ал егер біртұтас сияқты 
мемлекетті
зерттесе, 
онда 
саясат
болады. Практикалық философияға сондай-ақ риторика 
(шешендік өнер) және көркем шығармашылықты зерттейтін пиити-
ка жатады. Сызбанұсқа түрінде Аристотельдің ғылымдарды жіктеуін 
төмендегідей көрсетуге болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет