ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет96/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   382
николай коперниктің 
(1473-1543) ілімі Әлемге көзқарасы бойынша төңкеріс жасаған оқиға 
болды. Ойшыл, экономист, дәрігер, мемлекет қайраткері өз өмірінің 
басты туындысы 
«аспан денелерінің айналуы туралы»
деп ата-
латын кітапқа 16 жылдан астам уақытын арнады. Алайда ол еңбегін 
жариялауға өлер шағы жақындағанда ғана бекінді, сол ғана оны жәбір 
көруден құтқарып қалды. Ал қайтыс бола салысымен оған күпір де-
ген ат тағылып, 1616 жылы католиктер шіркеуі оның кітабына тыйым 
салды.
Коперниктің ашқан жаңалығы Жер мен Адамзаттың дара сипа-
ты туралы қалыптасқан көзқарасты теріске шығарып, Жер мен Күнге 
ұқсайтын басқа да денелердің бар екенін негіздеуге жол ашты.
Бірақ оның еңбегінің басты идеясы – Ғаламның кіндігі 
жер емес, 
күн 
(гелиоцентризм) деп сендіру болып табылады. Дүниеге деген бұл 
жаңа көзқарас күн мен түннің ауысуын, планеталардың қозғалысын, 
Айдың Жерді айналып қозғалатынын және басқаларын түсінуге 
мүмкіндік туғызды. Сөйтіп, ол астрономия ғылымына кейіннен «Ко-
перник төңкерісі» деген атқа ие болған түбегейлі өзгеріс енгізді.
Алайда католик шіркеуінің қысымымен ол Птолемейдің кейбір: 
Ғаламда өте алыста орналасқан қозғалмайтын денелердің бар екені, 
Жер және дәл сондай дөңгелек және бірдей жылдамдықпен қозғалатын 
басқа планеталар қозғалысының орбитасы (айналып жүретін жолы) 
туралы түсініктерінен бас тартуға мәжбүр болды.
Соған қарамастан, Н.Коперник әлемді діни тұрғыдан ғана танып 
білуге күйрете соққы беріп, Жаңа заман ғылымына жол ашты. 


108
Неміс астрономы 
иоганн кеплердің
атымен, бәрінен бұрын, 
ол математикалық жолмен дәлелдеген планеталар қозғалысының 
заңдылықтары туралы теория байланыстырылады. Ол гелиоцентризм 
теориясын қабылдаған Коперниктен кейінгі алғашқы ірі астроном 
болды. Кеплер пікіріне сәйкес, планеталардың қозғалысы үш заңға 
бағынады:
а) планеталар дөңгелек шеңбер жолмен емес, эллипстік жолмен 
қозғалады;
ә) планеталардың жылдамдығы біртекті емес, бірақ айналатын 
жолдарындағы әртүрлі нүктелерде олар өзгеріп отырады; тең уақыт 
ішіндегі сипатталатын радиус-векторлары бірдей;
б) планеталардың салыстырмалы жылдамдықтарын математикалық 
тұрғыда белгілеуге болады: планеталардың айналысы кезеңдерінің 
квадраттары олардың Күннен қашықтығы кубтарына тең.
Кеплер Күннің бар Ғарышты тесіп өтетін өзінің күшінің қайнар көзі 
болып табылатынына сенімді болды.
Кеплер мұрасын зерттеушілердің бірі, американдық профессор 
Марк Райли өте әділеттілікпен атап көрсеткендей, Иоганн Кеплердің 
бар шығармашылығы – ол ғылымның маңызын құрайтын орасан 
көп бақылаулардың ішінен жалпы ережелер шығарудың үлгісі. Оның 
антика астрономиясынан, яғни әлемнің птолемейлік бейнесінен қол 
үзуіне астрономиялық мағлұматтарға дене қағидаларын қолдануға 
әрекеттенуі себеп болды. Алдыға оза отырып, Кеплердің еңбектерін: 
«Кеплердің күн эманациялары туралы идеяларын және оның үш заңын 
әлемдік тартылыс теориясына енгізіп, сол арқылы оның көрегендігін 
астродинамика қағидасына айналдырған» Исаак Ньютонның аяқтап 
шыққанын айтқан жөн (қараңыз: Великие мыслители Запада. – М., 
1998. – 260-266-беттер).
Кеплермен қатар, Н.Кузанский мен Н.Коперниктің идеяларын 
дамытқан және тереңдеткен ғалым, Қайта өрлеу дәуірінің батыр азап 
шегушісі, әлемдік ғылымда азғантайлардың бірі болып көзқарастары 
үшін өмірін қиған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет