ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет121/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   382
көне 
өсиетті
оқып зерттеген. Ол алдымен 
«адам мен Құдай және оның 
бақыты туралы»
трактат, содан кейін 
«теологиялық-саяси трактат
-
ты»
жазды. Бұл еңбектерінде Спиноза 
ғылыми тарихжазудың 
негізін 
қалады.
Өз 
онтологиясында
Б.Спиноза Құдай туралы айтқанда, Оны бұл 
Әлемнің соңғы себебі санайды. Бірақ сонымен бірге ол Құдайды 
Табиғаттың ішіне сіңіріп, Оған пантеистік мағына береді, бұл оны 
Құдай осы өтпелі дүниенің 
шектерінен тыс
өмір сүретін мәңгі Рух 
емес дейтін алысқа әкететін қорытынды жасауға келтіреді. Оны 
ақылмен ғана түсінуге болады.
Екіншіден, бұндай тұжырымдаманы жақтаушылар әлемді Құдай 
әрекетінің 
ең алшақ
салдары деп санайтын деизмге қарсы келеді. Спи-
ноза Құдайды осы дүниенің 
ең жақын
себебі көреді.
Ал енді, ақыр соңында, үшіншіден, Табиғатқа парапар Құдай – осы 
дүниенің Түпнегізі. Сөйтіп, 
Құдай, табиғат, түпнегіз – тұтас бірбүтін.
Осындай көзқарас болғанда, 
«жаратушы»
және 
«жаратылған»
де-
ген діни ұғымдарға қажеттілік өз-өзінен жоғалады. Табиғаттың өзі – 
«causa sui» – өз-өзінің себебі. Құдай мен Табиғат бір-бірлеріне сәйкес 
келетіндіктен, Спиноза: 
өндіруші табиғат
(лат. – natura naturans) 
және 
өндірілген табиғат
(лат. – natyra naturata) деген екі ұғым 
енгізеді. Алғашқы түсінікке ақыл-парасат түйсігімен жетуге болса, ал 
екіншісіне адамды қоршаған заттарды сезімдік қабылдау арқылы жете 
аламыз.
Б.Спиноза нақты денелер мен заттарды біртұтас түпнегіз модустары 
деп қарастырады. Түпнегіз өзін зат-модустар көмегімен шектейді. Ал 
кез келген 
шектеу – ол терістеу 
(determinatio est negatio). Сондықтан 
заттар пайда болады, өзгереді, құриды. Шектеу бір заттың бірегей 
болмысын анықтай отырып, оны екіншісінен бөлектейді, өйткені бұл 
дүниедегі бірде-бір зат екіншісіне толықтай ұқсамайды. 
Түпнегіздің бірнеше белгісі бар: біріншісі – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет