ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет122/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   382
Байланысты:
Философия

ұзындық
, екіншісі – 
ойлау
. Сөйтіп, Декарттың дербес екі түпнегізі Б.Спинозаның 


136
онтологиялық көзқарастарында бір түпнегіздің екі белгісіне айналды. 
Ал енді осылай болғандықтан, бар табиғат – тірі! Философияда бұл 
гилозоизм
(грекше – gileos – денеге тән, материалдық, zoo – тірі) – 
бүкіл табиғаттың жандануы деп аталады.
таным
мәселесінде Б.Спиноза 
рационалист
болды. Сезімдік та-
ным – көмескі білім. Ойлау ғана адамға нақты білім береді. Оның 
үстіне, нағыз нақты білімді 
математика
береді, өйткені математика 
ұғымдары жүйелі, бір-бірімен негізді түрде өзара байланысқан.
Өмірдегі жинақтаған тәжірибесіне қарай әрбір адам аталған 
сезімдерді өздігінше қабылдайды. Мысалы, далада аттың қиын 
көргенде, шаруа егіс даласын, ал әскер бұрынғы ұрыс даласын есіне 
алады. Бірақ сезімдік танымды тұтастай жалған деуге болмайды: 
онда қашанда, мысқалдай болса да, шындық бар. Мысалы, білімсіз 
адам Күнді кішкентай, әрі жылы нысан деп ойласа, қалай дегенмен де, 
бұл жерде шындық қылтияды, өйткені 
күн бар және өзінің жарық 
сәулелерімен жерді жылытады.
Күнделікті сезімдік таным халықтың 
өмірін, адамдардың бір-бірлерімен қарым-қатынастарын белгілейді. 
Рационалистік жолмен алынған білім де әр кездері тәжірибелік 
тексеруді қажет етеді.
Танымның тағы бір үшінші түрі бар – ол 
ақыл-парасат түйсігі
немесе сезімдік те, рационалистік те танымға жүгінбей, шындыққа 
тікелей жету. Ол Әлемнің тұтастығына жету мүмкіндігін береді. Та-
ным туралы ілімнің тағы бір ерекшелігі – гносеологиялық және 
онтологиялық ілімдердің бірлігі, өйткені түпнегіздің ойлау қасиеті бар.
Спинозаның 
антропологиясы
да өзгеше. Ол адамды Табиғаттың 
бөлінбес бөлшегі санайды. Ал осыдан Табиғаттың қасиеті – ойлау – 
адам бойында барынша дамыған түрінде көрінеді. Ал сол уақытта адам 
дене ретінде Табиғатқа түбегейлі тәуелді және қоршаған дүниемен 
есепсіз байланыстарға және өзара әрекеттерге түседі. Оның үстіне, 
бірінші кезекте ол 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет