137
мән бермей жасағанының нәтижесі. Ақыл-парасат түйсігі арқылы
келетін білім жолында барлық себептердің жалғыз түпнегізбен
әлемдік байланысын ұғынуға қабілетті, ақылы толысқан азшылық
қана өзінің барлық әрекеттерінің қажеттігін түсінеді, ал бұл ондай
данагөйлерге олардың аффект-құштарлықтарын аффект-әрекеттерге
айналдыруға, сол арқылы шынайы бостандыққа жетуге мүмкіндік
береді» (В.В.Соколов. Спиноза. / Жаңа философиялық энциклопедия,
3-том. – М.: Мысль, 2001. – 622-бет). Спиноза бостандықты дәл осы-
лай түсінді. Оның:
«бостандық – санамен түйсінген қажеттілік»,
–
деген танымал формуласы осыдан шыққан. Адам үшін жоғарғы
игілік –
Құдайды тану арқылы Оған деген парасатты сүйіспен-
шілікке жету.
Ал егер Құдайдың Табиғат екенін еске түсірсек, онда
адамның қоршаған дүниені
танып білудегі
қиын да азапты жолы
оның бойында
бақыт
сезімін оятады, ал бұл – ең жоғарғы
ләззат
.
Өзінің
әлеуметтік философиясында
Б.Спиноза әркімнің өз-өзін
сақтауға ұмтылуы қоғамның пайда болуына себепші болады деп са-
найды. Ал мемлекет, Т.Гоббс ойлағандай, «келісім-шарт күшінен» емес,
адамдардың алуан түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру қажеттігі
нәтижесінде еңбекті бөлу арқылы пайда болады.
Қоғамның рухани өмірі туралы айтқанда, Б.Спиноза діннің
маңызын тым төмен бағалайды. Библия қарама-қайшылықтарға толы,
бұны аталған құжаттың Құдайдан түскендігі емес, адам тудырғаны-ақ
растайды. Діни сенімнің пайда болуының себебі қарапайым да білімсіз
адамдардың Табиғаттың дүлей күштері алдындағы қорқынышы бо-
лып табылады. Мысалы, келешектегі өлімнен қорқуды айтуға болады.
Адам алдын ала қандай әрекеттерге барса да, одан қашып құтыла ал-
майды. Сондықтан өлімнен қорқу – босқа құртқан уақытпен тең. Бұл –
адам құлдығының бір түрі. Оның орнына адам барлық күш-қайраты
мен қабілетін өмірлік мәселелерді шешуге бағыттауға тиіс. Адамның
қуаныш пен мазасыздыққа, күйзеліс пен мұңға толы өмірі – бұл
шексіз Әлемнің кішкентай ғана бір бөлшегі. Осындай көзқарас адамға
жұбаныш пен тыныштық әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: