ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет165/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   382
Байланысты:
Философия

мораль мәселелерін
Кант теориялық емес, практикалық парасат-
тың басымдығы санайды. Солай деп ол парасаттың мораль сала-
сында ұстанымдар мен нормалар беру қабілетін түсінеді. Адамның 
еркіндігінің негізінде мүмкін болатынның барлығы практикалық 
парасат саласына жатады. Мораль саласын Кант ғылымнан жоғары 
қояды, өйткені мораль адамды 
бар
нәрседен 
тиісті
нәрсеге бағыттап, 
оны қалған дүниеден биікке көтереді. Адамның сезімдері мен жан 
толқыныстарынан шығатын барлық тілек-ниеттері, оның өз-өзін 
сүйетіндігінен болатын іс-әрекеттері, пайда табуға ұмтылу және 
басқалары мораль саласында ескерілмеуге тиіс.
Іс жүзіндегі парасат моральдық қағидаларды априорлық жолмен 
алға шығарады. Біз өздеріміздің іс-әрекеттерімізде нақты өмірден емес, 
таза мораль талаптарынан келіп шығатын нормаларды басшылыққа 
алуға тиіспіз. Бұндай ұстанымды, сөз жоқ, 
борыш этикасы
деп 
санауға болады.
Адамды белгілі бір әрекеттерге итермелейтін мінез-құлық ереже-
лерін И.Кант 
ұйғарым
деп атайды. Ойшыл оларды екі топқа ажыра-
тады. Алғашқылары – ережелері 
ғылыми болжамдарға
негізделген, 


187
қалыптасқан жағдайларға байланысты ұйғарымдар, сол себепті олар 
тұрақты түрде өзгеріп отырады. Алайда олар адамның ішкі уәждерін 
есепке алмай, сыртқы мінез-құлқын, іс-әрекетін реттейді. И.Кант 
оларды 
гетерономдық
мінез-құлыққа жатқызады. Мысалы, «егер 
клиенттеріңді жоғалтқың келмесе, олармен адал бол» дегендей. Осын-
дай мінез-құлықты, әлбетте, қоғам қабылдайды. Ал егер адам ондай 
ережелердің талаптарын орындамаса, онда оны жаза күтіп тұр. Бұл, 
И.Кант бойынша, 
заңға сыйымды
, яғни заңға қарсы емес мінез-құлық 
болып табылады.
Екіншілері – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет