ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет166/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   382
Байланысты:
Философия

моральдың кесімді ұйғарымдары.
Олардың талап-
тары қашанда орындалуға тиіс, өйткені олар өмір тәжірибесінен емес, 
адамның «егер» дегеннен басталатын ешбір ережесін қабылдамайтын 
трансценденттік табиғатынан 
шығады. Сонымен қатар болжамға 
негізделген ұйғарымдар моральдық ұйғарымдардан төмен болса да, 
оларға қарама-қайшы емес.
Мысалы, адам суға батып бара жатқан адамды құтқару үшін 
ұмтылғанда, әлдебір сый-сияпат алудан үміттенеді. Бұл жерде оның 
әрекеті заңға сыйымды. Ал егер адам өзінің өмірін ойламастан, ба-
тып бара жатқан адамды құтқару мақсатымен ғана суға ұмтылса, онда 
оның әрекеті моралдық әрекет болып саналады.
Этикада И.Кант үзілді-кесілді екі ұйғарымды алға тартады. 
Алғашқысы – 
«сен әрекеттеріңді бар еркің қашанда жалпыға ортақ 
заңдарды білдіретіндей етіп жаса».
Бұны: «Белгілі бір жағдайда әркім 
өзін Планетада өмір сүріп жатқан алты миллиард адамның кез келгені 
дәл солай істейтіндей болып ұстауға тиіс», – деп түсіну керек. Кесімді 
ұйғарым талаптарын орындай отырып, адам 
пайда
іздемеуге тиіс. Ол 
жай ғана өзінің басқалардың алдындағы 
борышын
орындауға тиіс.
Екінші ұйғарым: 
«ешқашан адамға құрал ретінде қараушы 
болма, оған қашанда мақсат ретінде қара».
Адам – бұл Әлемнің ең 
жоғарғы құндылығы. Оны осы дүниедегі ештеңемен де салыстыруға 
болмайды. Сондықтан бұл ұлы гуманистік ұстаным адамды қорлайтын, 
кемсітетін діни қағидаларға қарсы бағытталған. И.Кант моралінің 
күшті жағы да осы болып табылады.
Канттың адамның парызы мен қадір-қасиетіне қатысты пікірлері де 
осыған байланысты. Адам үшін не нәрсе аса құнды: қадір-қасиет пе 
әлде рақатшылық па? Рақатшылықпен өтетін өмірдің еш құндылығы 
жоқ. Қадір-қасиетін сақтаған адам бәрін де, тіпті өмірін де қиюға әзір. 
Оның қайнар бұлағы қайсы және қадір-қасиеттің шарттары қандай? 
«Бұл – адамды өзінен жоғары көтеретін нәрсе ғана болуы мүмкін...». 


188
Адам өмірден рақат, ләззат алуды көздеп қана өмір сүрмейді, ол па-
рыз сезіміне бола өмір сүреді және әрекет етеді. Рақатшылық та, 
рақатшылық емес те адамгершіліктің белгісі бола алмайды.
Сонымен, нақты парасат адамға кесімді ұйғарым бойынша 
жоғары 
білім
беруге қабілетті, сол арқылы ол өзінің сезімдік әлеміне (күйзеліс 
әкелетін) сәйкес емес, әлемдік адамгершілік заңына сәйкес өмір сүре 
алады. Канттың эвдемонизмі
1
уақытша ләззат пен рақатты емес, па-
рызды құп көруге негізделеді. Осындай ұстанымы болғанда ғана адам 
табиғат механизмінен азат тұлға ретінде қалыптасады.
«О, парыз! Сен неткен сәулелі, ұлы сөз едің!» – деп шаттанады Кант. 
Алайда адамға тән сезімдерсіз адамдар арасында өзара нақты қарым-
қатынас орнамайды. Біз біреулерді жақсы көреміз, ал біреулерді жек 
көреміз, біреулерге сыйластықпен қараймыз. Адам – робот емес. Сол 
себепті тек дерексіз (абстрактілік) теорияларда ғана мораль саласынан 
адамдық сезімдерді алып тастауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет