ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет168/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   382
Байланысты:
Философия

тарих философиясында
бүгінгі күні де сабақ болуға 
лайық ережелер бар. Адамзаттың тарихы 
әлемдік азаматтық-
құқықтық ахуал
жағына қарай жылжып келеді, бірақ бұл әлемде 
оған толық қол жеткізу мүмкін емес. Моральдық жетілуге қарағанда, 
сыртқы материалдық мәдениет әлдеқайда жылдамырақ дамиды. Бұл 
адамзатқа үлкен 
қауіп
төндіреді.
И.Кант әлемді халықаралық құқық емес, озбырлық билейтінін 
қынжыла айтады. Кез келген соғыс ең жоғарғы құндылық – Адамды 
жоқ етеді. Бір жердің шеңберінде болып жататын қақтығыстар мен 
соғыстарда бұрынғыдай адамдар қырылып жатқан бүгінгі күннің 
адамзаты үшін бұл маңызды емес пе?
Дүниежүзілік-азаматтық ахуалды жақындату үшін, барлық 
халықаралық-құқықтық 
келісімдерді 
қатаң 
сақтау 
керек, 
мемлекеттердің бір-бірлерінің істеріне араласпау ұстанымы мүлтіксіз 
болуға тиіс. Халықтардың сауда-саттық, мәдени байланыстарын жан-
жақты, кеңірек дамыту қажет.
И.Кант неміс философиялық ойының негізін салып берді және әлі 
күнге дейін қазіргі заманғы адамзаттың рухани ахуалына ықпал етіп 
келеді.
6.3. и.Фихтенің субъективтік идеализмі және 
Ф.Шиллингтің объективтік идеализмі
иоганн готлиб Фихте
(1762-1814) Йена және Лейпциг университет-
терінде білім алған, бірақ оның санасындағы шынайы төңкеріс ол 
Канттың «Таза ақылды сынау» деген еңбегін оқығаннан кейін орын 
алды. Ол кантшылдыққа бой ұрып, соның ықпалымен жазған өзінің 
алғашқы «Кез келген жаңалықты сынау тәжірибесі» деген жұмысын 
алып, тікелей Кантқа барады. Оған Фихте де, оның еңбегі де жағымды 
әсер етеді, сол себепті ойшыл бір баспагерді Фихтенің мақаласын 


190
автордың аты-жөнін көрсетпей басуға көндіреді. Ол басылып 
шыққаннан кейін, жұрт оны Канттың жазғаны деп ойлаған. Мақтау 
пікірлерде шек болмады. Содан кейін ғана оқырмандарға шынайы ав-
тор таныстырылды. Фихтенің ұлы даңқы осылай басталды.
Фихте өзінің басты еңбегі – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет