ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет219/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   382
Байланысты:
Философия

Пайыммен қарауға қарсылық.
Классикалық ғылым аясын-
да ғасырлар бойы танымның мақсат-мұраты заттардың объективтік 
қасиеттері мен сапаларын ашып көрсету болды, мұнда ешбір субъ-
ектілікке, оның ішінде адамның іс-әрекеттерінен шығатын көзқарастар 
мен ұстанымдарға орын болмауға тиіс. Оның үстіне, зерттеушінің 
зерттелетін нысанға әсері, ықпалы есепке алынбады. Алайда 
қарапайым элементтердің физикасы бұл ұстанымды теріске шығарды. 
Атомның құрылымын зерттеу барысында қарапайым элементтердің 
бақылау құралдарымен өзара әрекетке түсетіні анықталды. Олай бол-
са, нақтылықтың дербестігін микроәлемнің зерттелетін нысандарына 
да, пайдаланылатын аспаптарға да телу мүмкін емес. Әлбетте, заттар-
ды, табиғаттың бір немесе басқа құбылысын зерттеген кезде, қалай 
болғанда да, сырттан әсер ету орын алады. Екінші жағынан, зерттелетін 
нысанға таным құралдарының әсерін жоққа шығаруға болмас. Соны-
мен, өз бетінше өмір сүретін, таным субъектіне тәуелді емес нысан жоқ.
Релявитизм
. Ғылымда зерттелетін нысандар шамасының (өлше-
мінің) мәні анықталады және оларды әртүрлі формулалар мен 
түсініктерге бекіту орын алады. Алайда заттар мен табиғат денелері 
әртүрлі жағдайларда басқа денелермен өзара әрекеттесу барысын-
да өз сипаттамаларын өзгертеді. Бұл ережені табиғаттың барлық 
құбылыстарына қатысты айтуға болады. Демек, заттардың барлық 
қасиеттері мен сапалары салыстырмалы. Алайда реливитизм танымда 


244
анархизммен тең мағыналы емес. Іргелі, маңызды тұжырымдарды та-
нымай, қандай да бір теория құру мүмкін емес.
Қосымшалық
. Бұл ұстаным алдымен микроәлем құбылыстарын 
зерттеу барысында пайда болды және кейіннен әлемде болып жатқан 
барлық үдерістерді зерттеуге де қолданылды. Қарапайым бөлшектерді 
зерттеу барысында олардың «дискреттік-толқындық» табиғатын не-
месе «импульс пен координаттарын» бір мезгілде анықтаудың мүмкін 
еместігі белгілі болды. Олай болса, әртүрлі зерттеу бағдарламаларының 
және пайдаланылатын аспаптардың көмегімен алынған нәтижелерді 
біріктіре (бір-бірін толықтыра) отырып, зерттеліп жатқан нысан туралы 
толыққанды білім алудан басқа амал қалмайды. Ал ол үшін полилог: 
ғалымдардың әртүрлі мектептер арқылы қол жеткізген нәтижелерін 
егжей-тегжейлі зерттеу және оларды бір теорияға түзіп шығу талап 
етіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет