ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет27/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   382
 табиғат заңымен (у-вэй)
өмір сүру ке-
рек деген 
өмір бағдары
келіп шығады. Бұл жерде еуропалық санаға 
тән түрленіп өзгеру, табиғатты бағындыру идеясы жоқ.
Даосизм 
қарама-қарсылыққа
өту арқылы жүзеге асырылатын 
қозғалысты
мойындайды. Ерте көктемде шөп жап-жасыл, жұмсақ, 
нәзік болса, ал қаракүзде сарғайып, қатайып кетеді. Дүниеге жаңа кел-
ген сәби қаншалықты нәзік, әлжуаз, жұп-жұмсақ болса, ал қартайғанда, 
ол енді икемсіз, мыж-тыж күйге түседі, яғни о дүниеге бет алады. 
Осыған орай даошылар: орасан зорға жету үшін, кішкентайдан бас-
тау керек, қиындықты жеңілден бастап жеңген жөн деген даналық 
кеңестер береді. Бірдеңені құрту үшін, алдымен оның гүл жаруына 
жол бер, сонда ол өз ажалын өзі табады. Бақытқа қол жеткізу үшін, 
бақытсыздықты басыңнан өткер («Әйтпесе бақытты екеніңді қалай 
білесің?» – деп сұрақ қояды Лао-Цзы). Кім шамадан аспаса – сол 
өзін бақытсыздықтан құтқарады. Кім өз шекарасын біледі – сол өзін 
қауіптен сақтайды. Кім оңай жол іздесе – қиындықтарға сол тап бола-
ды. Даошылардың жоғарыда келтірілген адамгершілік ұғымдары бізді 
өздерінің тереңдігімен, даналығымен тамсандырады.
таным.
Сезім мен құмарлық бізді Дао танымынан алыстата түседі. 
Олар арқылы тек табиғаттың нақты денелерін танып білуге болады. 
Алыпұшпа құмарлықтан арылғанда ғана жаратылыс құпияларына 
терең бойлап, танып білуге болады. Жаратылыстағы барлық заттар 
мен денелер әртүрлі, бірақ олардың барлығы да дамиды және бастапқы 


36
негізіне қайта оралады. Бұны біз 
тыныштық
деп атаймыз. Ол бізді 
орнықтылыққа
жетелейтін 
мәнге
жеткізеді. Тұрақты орнықтылықты 
танып білген адам кемелдіктің шыңына шығады. Кемелдікке жет-
кен адам құмарлық-құштарлықтан арылып, дао – мәңгілікке жетеді. 
Даошылар осылай деп сендіреді. Даосизм ғажайыптан – құбыжық, 
жақсылықтан – жамандық, болмыстан – болмыссыздық көріп, өмір 
диалектикасын керемет көрсетеді. Ол үшін үйлесімділік – қарама-
қарсылықтардың осылай қатар өмір сүруі.
Даошылардың ойынша, өзіңді танып білу арқылы басқаларды да та-
нып білесің. Егер бір немесе басқа елді танысаң, онда бүкіл адамзатты 
танып білген болып шығасың. «Дана адам білімді бола отырып, оны 
көрсетуге ұмтылмайды, ал білімсіз адам әрдайым өзінің білгіштігін 
көрсетіп қалуға тырысады» деген нақыл жастар үшін ерекше бағалы 
болып табылады.
Ертедегі қытай даналары тұлғаның ішкі дүниесіне, оның қоғамға 
көзқарасына үлкен көңіл бөледі. Кон-Фу-Цзы (Конфуций) алғаш рет 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет