ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет26/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   382
Байланысты:
Философия

жібек, қағаз, компас, оқ-дәрі, 
кітап басып шығаратын станок
сияқты заттар берді;
ә) Шығыстың ғылыми жетістіктері Батыстікінен әсте 
төмен болған 
жоқ
. Оның үстіне, олардың бірі-бірлерінің жетістіктерімен 
тұрақты 
алмасуы
орын алып отырды;
б) философияның бастаулары сияқты, ғылым бастаулары да 
Шығыста да, Батыста да адамзаттың «өз өсінде айналатын уақыты» деп 
аталатын уақытта бір мезгілде пайда болған. Әлбетте, екі өркениетте 
де әлеуметтік-саяси факторлар (Грекиядағы «Афина демократиясы», 
Шығыс елдеріндегі «азиаттық озбырлық») орасан үлкен рөл атқарды. 
Алайда бұл Шығыста ғылым болмаған деп сендіру үшін, 
бізге негіз 
бола алмайды
.
Шығыс ойшылдарының 
әлем
туралы, бұл дүниедегі 
адам болмы-
сының
мағынасы
жайындағы ой-толғаныстарын айтар болсақ, олар да 


35
бізді өздерінің терең көрегендігімен және даналығымен таңғалдырады. 
Мысалы, даосизмнің онтологиясын (болмыс туралы ілімін) алсақ, ол 
төмендегідей болып шығады: 
Дао (болмыссыздық, яғни болмыстың 
жоқтығы) болмысты
тудырады, ал ол, өз кезегінде, табиғаттың 
нақты бір 
денелері мен заттарын (дэ)
, яғни оларға бөлінген белгілі 
бір уақытта өмір сүріп, қайтадан 
болмыссыздыққа
оралатындар-
ды дүниеге келтіреді. Ертедегі қытайлардың бұл көрегендігі «Әлем 
вакуумның «Үлкен жарылысы» деп аталатын жарылыстан жаралған, 
демек, іс жүзінде ештеңеден жаралмаған» деп сендіретін сол заманғы 
астрофизикамен астасып жатыр. Қазақстандық философ А.Хамидовтің 
айтуынша, Шығыс философиясында болмыссыздыққа шығармашылық 
күш берілген. Сондықтан Батыстың «Ex nigilo nigil fit» («жоқтан бар 
тумайды») деген нақылы Шығыстың ақыл-ой шабытына сай келмейді. 
Оған «Ex nigilo totum fit» («Барлығы жоқтан пайда болады») деген 
қағида сай келеді. Болмыстың осындай түсінігінен: егер ерте ме, кеш пе, 
бәрі де болмыссыздыққа оралатын, ал әлемді Даоның көзге көрінбейтін 
заңдары билейтін болса, онда


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет