ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


сапасын айқындайды, екіншісі  сан



Pdf көрінісі
бет286/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   382
Байланысты:
Философия

сапасын
айқындайды, екіншісі 
сан
жағын өлшейді.
Адамның сезу органдарының күш-қуатын арттыратын бірінші 
аспаптар, өз кезегінде, үш топқа: 
1. күшейткіштер; 2. талдағыштар; 
3. түрлендіргіштер
деп бөлінеді.
Күшейткіштер
адамның сезу органдары зерттелуші нысаннан 
келетін ақпаратты қабылдауға қабілетсіз болған жағдайларда пайда-
ланылады. Ол кезде аспаптардың көрсеткіштері зерттелуші нысанның 
(микроскоп, телескоп, дыбыс күшейткіштер және т.б.) табиғатын 
айқын, парапар көрсетуге тиіс.
Талдағыштар
зерттелетін нысанның қасиеттерін, құрылымдық 
қосымша құрамдас бөлшектерін ашуға қабілетті. Мысалы, 
спектроскоптың көмегімен зерттеліп жатқан дененің химиялық 
құрылымын анықтауға болады, өйткені жазық бетте (пластинка) алу-
ан түрлі химиялық элементтерге сәйкес келетін әртүрлі ұзындықтағы 
спектрлер бейнеленіп шығады. Алынған нәтижені стандартты спек-
тограммамен салыстыра отырып, заттектің химиялық құрамын 
анықтауға болады.
Түрлендіргіштер
. Сөздің кең мағынасында кез келген аспаптарды 
түрлендіргіштер деп атауға болады, өйткені олар алынған ақпаратты 
түрленген түрінде адамның сезу органдарына жеткізеді. Мысалы, 
қарапайым көзәйнек оған түскен жарық арқылы адам жай көзбен әрең-
әрең ажырататын заттардың сұлбасын кішірейтіп немесе үлкейтіп, 
адам көзінің қарашығына солай жеткізеді. Бұл жерде, шамасы, сөз сан 
жағынан түрлендіру туралы болсе керек, сапа жағынан түрлендіру 
мұнда жоқ. Сөздің тар мағынасында түрлендіргіштер деп адамның 
сезуі қабылдауға қабілетсіз ақпаратты түрлендірілген түрінде беретін 
аспаптарды (радиотолқындар, электр-магниттік өрістер, ультрадыбыс-
тар, метагалактикалар, жасуша құрылымы және т.б.) түсіну керек.
5. Ғылыми танымдағы дерексіздендіру және дерексіздіктер
(абстракциялау және абстракциялар). Дерексіздендіруді, яғни зат-
ты белгілерінен, қасиеттерінен ажыратып, ойша дерексіздендіруді 


323
ғылыми танымның негізгі әдістеріне жатқызуға болады, өйткені 
ғалым зерттеліп жатқан заттың жеке-дара, кездейсоқ қырларынан 
тартынып, оның маңызды, қажетті байланыстарын бөліп алады. Дәл 
осыған байланысты ғылымда ұғым-түсініктер (санаттар) пайда бо-
лады. Мыңжылдықтар бойы, негізінен, жердің үстіңгі бетіндегі зат-
тар мен құбылыстар зерттеліп келді. Іс жүзінде әрбір дерексіздікке 
ұғымдардың ар жағында жатқан, сезіммен қабылданатын заттар мен 
құбылыстар сәйкес болды. Енді, XX ғасырдан бастап, жағдай күрт 
өзгерді: жай денелердің қозғалысы мен жылдамдығының, олардағы 
температура мен қысымның орнына, ойша көз алдымызға келтіре ал-
майтын «жарықтың жылдамдығына жақын қозғалыстар», «аса жоғары 
қысымдар», «аса жоғары температуралар» келді. Осындай жағдайларда 
дерексіздендірудің маңызы артады. Бүгінгі заман ғылымында бірінші, 
екінші, үшінші деңгейлердің дерексіздендірілуі жайында айтылып 
жүр. Сондықтан бұл мәселені тереңірек қарастырып көрейік, ол үшін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет