334
табиғатын атүсті тану нәтижесінде іске асады. Оған «екі қошқардың
басы бір қазанға сыймайды» деген мәтел дөп келеді.
Әлбетте, әдістеме, таным қоғамның, ғылым мен техниканың
жетілуімен қатар дамиды. Батыста өткен ғасырдың 80 жылдарында
танымның жаңа саласы –
синергетика
(грекше – келісілген әрекет)
пайда болды. Оның негізін салғандар И.Пригожин мен Г.Хакен болды.
Материалистік бағыттың философтары ертеден-ақ
материяның
ішкі
қуатын, оның
өздігінен дамуға
қабілетін таныған. Бірақ бұл постулат
дерексіз, нақты, шынайы мазмұнмен бекімеген күйінде қалып қойды.
XX ғасырдың 70 жылдарында ғана Г.Хакен мен И.Пригожин
синер
-
гетика
деп аталатын жаңа ғылымның негіздерін құрып, ол мәселенің
шешімін тапты. Бүгінгі таңда синергетика
өз-өзін қалыптастырудың
теориясы ретінде қарастырылады. Оның негізгі постулаттары:
1. Ғаламда бір-бірімен өзара байланысты екі үдеріс бар: біріншісі –
бүліну, ыдырау, энтропия, бейберекеттікке ұмтылу; екіншісі – келі-
сілген әрекеттер арқылы тәртіпке ұмтылу, күрделену, қайта өрлеу.
2. Тәртіпке ұмтылудың және күрделенудің реті (алгоритм)
төмендегілерді қажет етеді:
а) дамушы жүйе
Достарыңызбен бөлісу: