заттың біртіндеп ұлғаюы немесе
кішіреюі деп қарайды. Мысалы, көпшілік адамдар ана құрсағындағы ұрықты
барлық органдары бар кішкентай адам деп санайды. Ол тоғыз ай бойы
өседі де, ақырында, дүниеге келеді. Бірақ бұл – түп-тамырымен дұрыс
емес пікір. Ұрық тоғыз ай ішінде өмірдің өзінің 3,5 млрд жыл дамуы
барысында жүріп өткен жолын қысқаша қайталап шығады. Ал сәби
алғашқы үш жылда өз халқының мыңжылдықтар бойы қалыптасқан
тілін меңгеріп,
«мен» деген сезім иеленеді.
Онтогенез (нақты орга-
низм)
филогенезді (тек, түр) қайталайды.
3. Метафизика дамуды
жүріп өткен сатыларды қайталау деп
қарайды. «Бұл Айдың астындағының ешқайсысы жаңа емес: қыстың
соңынан көктем келеді, оның артынан жаз, күз және тағы да қыс»
деген терең ой толғанысын, сіздер, шамасы, аз естімеген боларсыз-
дар. Бір қарағанда, ақылға қонарлық «даналық». Алайда бұл жылғы
қыс өткен жылғы қысқа ұқсамайды. Табиғатта адам байқамайтын
немесе айтарлықтай мән бермейтін өзгерістер болып жатады, ал
мыңжылдықтар өткен соң, олар жаңа құбылыстардың пайда болуы-
на келтіреді. Өкінішке қарай, адам өмірі – жел өтіндегі балауыз
шам іспетті, өйткені ол тым қысқа. Егер біз мың жыл өмір сүретін
болсақ, онда табиғаттағы ғажап өзгерістерді байқаған болар едік. Біз
бұрын динозаврлардың, птеродактильдердің өмір сүргенін білеміз,
өйткені олардың қаңқа-сүйектерін таптық. Сірә, енді «жүріп өткен
жолдардың метафизикалық қайталануының» жалған екені күмән ту-
дырмаса керек.
Қоғамтануда, саясатта, дипломатияда және басқа салаларда
сопылық (софистика) және
эклектика (түрлі идеяларды дәйексіз пай-
далану) ұғымдары жиі кездеседі. Сопылықтың отаны, естеріңізде бол-
са, ертедегі Грекия болып табылады. Сопылық деп қараны ақ етіп және
керісінше көрсеткен,