ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет303/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   299   300   301   302   303   304   305   306   ...   382
Байланысты:
Философия

секірістерді
мойындаудың қажеттігін 
көрсетеді, ал секіріс, жаңа сапаға өту бар жерде – 
даму
да бар, ол 
соңғыға терістеу ілесе жүреді, ол, өз кезегінде, өткен кезеңнен өмірге 
барша бейімділікті сақтап, оны жаңа деңгейге шығара алады. Онсыз 
дамудың жібі үзілген болар еді.
Біздің көзқарасымыз бойынша, ғылым дамуының қозғаушы күштері 
мәселесін қарай отырып, интернализмді де, экстернализмді де қатар 
алып жүру керек. Басымдықтар, артықшылықтар жайында айтсақ, 
онда, әлбетте, 
әлеуметтік сұраныс
ерте ме, кеш пе, міндетті түрде 
әртүрлі 
ғылыми мәселелердің шешілуіне
жеткізеді. Ал, ақырында
ұлы Альберт Эйнштейннің: «Ғылым ешқашан да аяқталған кітап 
болмаған және болмайды да. Әрбір маңызды жетістік жаңа сұрақтар 
тудырады. Уақыт өте келе, кез келген даму жаңа және тереңірек 
қиындықтар тауып отырады», – деген сөздерін есте сақтау керек 
(«Симфония разума» кітабы бойынша дәйексөз. – М.; 1976. – 292-бет).


341
2-тарау. ғалым маманДығы: 
әлеуметтік сипаттама
2.1. ғалым мамандығының ерекшеліктері туралы
«Мамандық» ұғымы Жаңа дәуірде еуропалық қала мәдениетінде, 
яғни әртүрлі шеберханалар шығып, оларда адамдар еркін жалдамалы 
жұмыспен қамтылған кезде пайда болған. Одан кейінгі даму кәсіби 
қызметтің үлгілерін қалыптастыруға келтіріп, содан кейін ол үлгілер 
тиісті әлеуметтік және ұйымдастырушылық-техникалық нормаларда 
бекітілді.
Бүгінгі таңдағы әлемде серпінді дамып жатқан қоғамның ұлғайып 
отырған барлық талаптарын қанағаттандыруға бағытталған мыңдаған 
әртүрлі мамандықтар бар. Оның үстіне, әрбір мамандықтың өзіне тән 
парасат-пайымдық құрамдас бөлшектері, іс-әрекет үлгілері және қызмет 
технологиясы, қарым-қатынас нормалары, дәстүрлері және т.б. бар.
Соған байланысты: «Ғалым мамандығының ерекшелігі неде?» – де-
ген сұрақ туады.
Қолда бар әдебиетте оның төмендегідей ерекшеліктері ажыра-
тылады: біріншіден, ғалымның бойында (қолында десек те болады) 
шындықтың бір немесе басқа көрінісін зерттеу барысында адамзат 
қол жеткізген арнайы білімдер жиынтығы бар. Ертеректе Ф.Бэкон 
айтқандай, ғалымның әлемге «өз үңгірінің» терезесі арқылы қарауына 
болмайды, ол заманға сай биік жетістіктердің шыңына көтерілуге тиіс. 
Ал ол үшін кез келген қазіргі заманғы қоғамдарда жоғары білімді
жоғары оқу орнынан кейінгі білімді қамтитын, әртүрлі кітапханалары, 
мұрағаттары, зертханалары және т.б. бар арнаулы білім беру институт-
тары жұмыс істейді. Сол институттардан өткенде ғана, студент, магис-
трант немесе аспирант, докторант бола отырып, тыңғылықты еңбек 
нәтижесінде адам ғалым мамандығын иеленеді.
Екіншіден, ғалымның қызметін бағалағанда, оның туған жері, 
ұлты, саяси, эстетикалық және басқадай көзқарастары маңызды 
емес. Бастысы – өз мамандығының мәселелерін терең игеру, оларды 
өмірде, тәжірибеде қолдана білу; білімнің тиісті саласына қомақты 
үлес қосуға мүмкіндік беретін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   299   300   301   302   303   304   305   306   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет