ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


бұрмалау ұстанымына сүйену, яғни  тәжірибелік-сараптамалық жолмен бір немесе басқа теорияны  шындыққа



Pdf көрінісі
бет318/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   ...   382
Байланысты:
Философия

бұрмалау
ұстанымына сүйену, яғни 
тәжірибелік-сараптамалық жолмен бір немесе басқа теорияны 
шындыққа
тексеру. Бесіншіден, ол – ғылымда құрылған теорияларға 
талдау жасаудың 
тарихи тәсілі,
өйткені әр дәуір бір немесе басқа діни, 
философиялық, танымдық ұстанымдардың әсерін сезіне келе, әлемнің 
ғылыми бейнесін өзінше жасайды. Мысалы, И.Ньютон жасаған әлемнің 
механистік бейнесі ерте замандарда немесе Орта ғасырларда пайда 
бола алмас еді. Әр дәуір ғылымның алдына өз міндеттерін, ғылым 
жауаптарын
ұсынатын өз 
талаптарын
қояды. Олай болса, әлемнің 
ғылыми бейнесі тұралап қалған, бір рет және мәңгілік берілген болып 
табылмайды, ол әрдайым өзгерісте, қозғалыста болады, яғни дамиды.


360
Енді көрсетілген әдістемелік қағидаларға сүйене отырып, 
әлемнің 
ғылыми бейнесінің қалыптасуын және қазіргі жай-күйін
қарастырайық.
Оның ұзақ жүзжылдықтар бойындағы тар жол, тайғақ кешуі бары-
сында түрлі-түрлі теориялық қағидалар пайда болды. Жаңа дәуірдің 
басында Ф.Бэконның аузымен ғылыми дүниетанымның 
діни соқыр 
сеніммен 
және надандықпен күресу нәтижесінде пайда болатыны 
айтылған. Оның қарсыласы Р.Декарт табиғатты зерттеп білу бары-
сында адам 
шынайы шындықтарды
ашуға қабілетті болады, ал ол 
шындықтар ғасырлар бойы ешқандай 
өзгерістерге ұшырамайды
деп 
санап, адамның ақыл-парасатының күшіне сендіреді.
Алайда уақыт өте келе, ғылымның дамуына байланысты бұрынғы 
теориялық жүйелер мен тұжырымдамалар өзгере бастағанда, ғылымда 
шынайы шындықтардың жоқтығы, адамзаттың табиғат құпияларына 
ары қарай тереңдеп енуіне қарай олардың 
түрлерінің өзгеретіні
тура-
лы көзқарастар пайда болды (П.Дюгем (Дюэм)).
Ғылыми революцияларды жақтаушылар (Т.Кун, К.Поппер) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет