ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет333/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   329   330   331   332   333   334   335   336   ...   382
Байланысты:
Философия

кездейсоқ оқиға
немесе қайсыбір 
адамның
іс-әрекеті үлкен әлеуметтік өзгеріске немесе күйзеліске 
соқтыруы мүмкін;
д) 
когеренттік
– құрылысы күрделі жүйелердің ары қарай дамуы 
барысында олардың өзара байланыстылығы, келісушілігі.
Енді жоғарыда аталған және басқа санаттарға сүйене отырып, 
әлемнің бағдарсыз бейнесінің негізгі белгілерін сипаттауға болады:
1. 
Эволюциялық үдерістердің қайталанбастығы. Уақыт векторын 
кері бұруға болмайды
.
2. 
Құрылысы күрделі жүйелер бифуркация нүктесіне жеткенде, 
кез келген кездейсоқтық, флуктуация оның ары қарай дамуы векто-
рын күрт өзгертуі мүмкін
.
3. 
Бифуркация кезінде жүйе құрылымдық және жүйелік 
өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Бірінші жағдайда жүйе өз құрылымына 
өзгерістер енгізе отырып, өзінің орнықтылығын сақтап қала алады. 
Ал екінші жағдайда ескі құрылым толықтай өзгереді де, жүйенің 
жаңа сапасы пайда болады
.
4. 
Болашақты жаңаша түсіну. Жүйенің бифуркация нүктесінде 
оның ары қарай өзгеруінің виртуалдық (нақты емес) үлгілері пайда 
болады. Ұсынылатын үлгілердің қайсысы жеңетіні және жүйенің ары 
қарай дамуы векторын белгілейтіні туралы мәселені көп жағдайда 
«Ұлы Мәртебелі Кездейсоқтық» айқындайды. Олай болса, 
болашақ 
қазіргі ахуалға да әсерін тигізеді
деуімізге болады. Классикалық 
ғылымда бұл жөнінде сөз де болмаған, – ондай көзқарас оның барлық 
қағидаларына қайшы келеді
.
Бағдарсыз даму тұжырымдамасы алдыңғы ғылымның бірқатар 
қағидаларын теріске шығарады:


375
1. 
Ғылым аясында шексіз білімге және шындыққа жету мүмкін 
емес.
2. 
Классикалық детерминизм ұстанымының маңызы теріске 
шығарылады.
3. 
Кез келген үдерістер мен құбылыстар әлдебір бастапқы 
қарадүрсін негіздемелерге келтіруге әрекеттенген кезде, редукцио-
низм қағидасы терістеледі.
4. 
Дамуда нысанның пайда болуының бастапқы кезеңін, қазір оның 
не болып табылатынын біле отырып, оның соңын болжауға болатын 
бірбағдарлық теріске шығарылады
.
5. 
Адамзат жинақтаған барлық білімдердің апостериорлық
тәжірибелік сипаты терістеледі
.
Сонымен, әлемнің синергетикалық бейнесі төмендегідей көрінеді:
1. 
Болмыс, әлем барлық уақытта қалыптасу, қозғалу, өзгеру және 
даму үдерістерінде болады.
2. 
Кез келген жүйе қоршаған ортамен зат, энергия және ақпарат 
арқылы алмаса отырып, өз-өзін ұйымдастыру арқылы өзінің ары 
қарай күрделенуіне бет алады
.
3. 
Болашақ әлемнің қазіргі ахуалына ықпал етеді.
4. 
Кездейсоқтықтардың жүйе бифуркациясы аймағындағы 
маңызды рөлі
.
5. 
Бүтіндік (фрактальдық) қағидасы, яғни жүйенің қалыптасуында 
оның элементтері емес, бүтіндігі шешуші рөл атқарады
.
6. 
Қосымшалық қағидасы: жүйенің ары қарай дамуының бірнеше 
үлгісі болуы керек

Бағыттық емес даму
тұжырымдамасы жаратылыстанушылық-
ғылыми білімдер аясында пайда болып, әлемнің жаңа бейнесінің 
қалыптасуында үлкен рөл атқарады. Әсіресе оның әлеуметтік-
гуманитарлық үдерістерді танып білудегі рөлі ерекше бағалы, өйткені 
қоғамдық өмір өз-өздерін қалыптастыратын құрылысы күрделі 
жүйелердің жоғарғы формасына жатады. Бұл сенім ұялатады, яғни 
әлемнің жаңа бейнесінің әдістемелік қағидаларына сүйеніп, қазіргі 
заманның көптеген ғаламдық мәселелерін шешуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   329   330   331   332   333   334   335   336   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет